Жасанды кірпік жабыстырған жігіттер елдің қызу талқысына түсті (фото)

0
3 672

Ер азаматтардың көбісі табиғи эффект беретін кірпіктерді таңдайды екен.


Жасанды кірпік жабыстырған жігіттер елдің қызу талқысына түсті (фото)

ERNUR.KZ. Қырғызстан жігіттерінің жасанды кірпік жабыстырған суреті елдің қызу талқысына түсті. Бішкектің сұлулық салонының бірі өздерінің қызметіне жүгінген жас жігіттердің фотосын жариялаған, деп жазады nur.kz.

Ал бұл суреттерді көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Олардың жартысы жігіттерді жерден алып, жерге салған. Екінші топ жас жігіттердің бұл әрекетін батылдыққа балапты. Жергілікті басылым сұлулық салонымен хабарласып, мәселенің анық-қанығын сұраған.

"Біздің салонда жас жігіттер жасанды кірпік жабыстырады. Алайда бұл қызметке жүгінетіндер көп емес. Жас жігіттер суреттерін желіге салуға қарсылық танытады. Олар көпшіліктің пікірінен қорқады. Тек екі жігіт қана суреттерін желідегі парақшамызға жүктеуге келісім берді. Ер азаматтардың көбісі табиғи эффект беретін кірпіктерді таңдайды. Сондықтан олардың кірпігінің жасанды екенін айналадағылар байқамай жатады", - деді аталмыш салонның жауапты маманы.
Фото: limon.kg