Жер бетінде магниттік дауыл жалғасып жатыр

0
91

Магниттік дауыл метеосезімтал адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.


Жер бетінде магниттік дауыл жалғасып жатыр

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. 6 маусым күні таңертең Жерде G2 деңгейіндегі магниттік дауыл тіркеліп отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты зертханасының мәліметінше, түске қарай оның күші біртіндеп әлсірей бастайды. Ал кешке қарай геомагниттік жағдай тұрақталады деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, G3 санатындағы күшті әрі ұзаққа созылған магниттік дауыл 4–5 маусым күндері басталған. Бұған Күндегі қуатты жарқылдардан кейін Жерге қарай бағытталған бірнеше плазмалық бұлттың жетуі себеп болған.

Ғалымдардың болжамынша, Күнде жаңа қуатты лақтырыстар тіркелмесе, 7 маусымға қарай геомагниттік жағдай толықтай тынышталады.