Жер шары 250 миллион жылдан соң өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін – ғалымдар

0
596

Бристоль университетінің ғалымдары планетамыздың болашақ тағдыры туралы таңғаларлық болжамдар жариялады.


Жер шары 250 миллион жылдан соң өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін – ғалымдар

ERNUR.KZ. Жер 250 миллион жылдан кейін сүтқоректілер үшін өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Бристоль университетінің ғалымдары планетамыздың болашақ тағдыры туралы таңғаларлық болжамдар жариялады. Олардың зерттеулері бойынша, 250 миллион жылдан кейін жаһандық жылынудың салдарынан жер толығымен дерлік өмір сүруге жарамсыз болады.

Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу авторларының айтуынша, негізінен тропикалық ендіктер мен экватор бойында орналасқан жер континенттері біріктіріледі.

Бұл тұрақты климаттық өзгерістермен біріктіріліп, жердің 96% кез келген сүтқоректілер үшін мүлдем өмір сүруге жарамсыз болады. Оның ішінде адамзат баласы да бар.

"Болашақта өмір шынымен де бұдан да үлкен қиындықтарға тап болатын сияқты", - деді жерді зерттеу орталығының профессоры Ханна Дэвис.