Бұған дейін 19-20 қазан күндері магнит дауылы болған еді.
ERNUR.KZ. Ресейлік ғалымдар жаңа магнит дауылы болатынын ескертті, деп жазады zakon.kz.
Ғарыш зерттеулері институтының рентгендік күн астрономиясы зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институтының мәліметінше, 22-26 қараша аралығында магнит дауылы болады деп болжанды.
Ғалымдардың айтуынша, магнит өрісінің күші әлсіз болады деп болжанды (G1 деңгейі).
"Болжам бойынша, 22, 24 және 25 қарашада әлсіз магнит бұзылуы болады. 23 және 26 қарашада азаяды, бірақ планетаның магнитосферасы қозғалмалы және мазасыз күйде қалады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 19-20 қазан күндері магнит дауылы болған еді. Оның соғуына Күнде пайда болған алып дақ себеп болды.