Жігітті көбейту кестесін білмегені үшін қалыңдығы той үстінде тастап кетті

0
1 651

Отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келіскен.


Жігітті көбейту кестесін білмегені үшін қалыңдығы той үстінде тастап кетті

ERNUR.KZ. Үндістанда қалыңдық көбейту кестесін білмегендіктен үйлену тойынан бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Той 1 мамырда Уттар-Прадеште өткізілуі керек болған. Жас жігіттің біліміне күмәнданған қыз одан 1-ден 9-ға дейінгі сандарды екіге көбейтуді сұрапты. Күйеу мұны істей алмағаннан кейін, қалыңдық оған тұрмысқа шығудан бас тартты.

"Күйеу жігіттің отбасы оның білімсіздігін жасырып келген. Мүмкін ол тіпті мектепке бармаған шығар", - деген қыздың немере ағасы оның іс-әрекетін мақтан тұтатынын айтты.

Порталдың хабарлауынша, отбасылар үйлену қарсаңында жасалған сыйлықтар мен зергерлік бұйымдарды бір-біріне қайтаруға келісті.