​Жүргізушілер бесінші қабаттан құлап кеткен қызды қағып алды (видео)

0
1 160

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.


​Жүргізушілер бесінші қабаттан құлап кеткен қызды қағып алды (видео)

ERNUR.KZ. Махачкалада бесінші қабаттан құлап кеткен қыз құтқарылды, деп жазады sputniknews.kz.

Соңы сәтті аяқталған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.


Бес жасар Айшат әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге шығып кеткен кезде үйде жалғыз қалады. Қыз терезеге шығып қарап тұрғанда, аяғы тайып кетіп, тақтайдан ұстап қалған.

Баланың өте қауіпті жағдайда қалғанын соңғы аялдамада тұрған бағдардағы автобустың жүргізушісі Тагир Магомедов байқап қалған.

Қызды көріп, ол жақын жерде орналасқан дәмханада отырған басқа жүргізушілерді айқайлап шақырады. Көмекке диспетчер Айдемир жүгіріп келген. Олар брезент тартуға үлгермей, құлаған кездегі салмақты барынша жеңілдетуге тырысады.

Қыздың жіліншігі шығып, терісі сыдырылып, көгеріп қалған. Құтқарушылардың бірі Айдемир қолының сіңірін жарақаттап алыпты.

Бір минуттан кейін келген қыздың анасы баласының терезеден құлап кеткенін көріп, есеңгіреп қалды.

Дағыстан полициясы қыздың ата-анасы жазаланбайтынын, ал жүргізушілер марапатталатынын мәлімдеді.