Ресейдің тергеу комитеті "терроризмге шақырғаны үшін" АҚШ журналисі Том Роганның үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеу комитетінің сайтындағы дерекке сәйкес, журналист Украинаны аннексияланған Қырымдағы көпірді жаруға шақырып, мақала жазған, деп жазады ERNUR.KZ.
Ресейдің тергеу комитеті "терроризмге шақырғаны үшін" АҚШ журналисі Том Роганның үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеу комитетінің сайтындағы дерекке сәйкес, журналист Украинаны аннексияланған Қырымдағы көпірді жаруға шақырып, мақала жазған, деп жазады ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Роганның Ukraine should blow up Putin's Crimea bridge (“Украина Қырымдағы Путин көпірін жаруы керек”) атты мақаласы Washington Examiner басылымында жарық көрген. Тергеушілер мақаладан “Ресей аумағында жария түрде террорлық әрекетке шақыру белгілерін” тапқан. Бұған қоса, мақаланы басқан басылымның редакторына қатысты тергеуге дейінгі тексеру шаралары басталды.
Бұған дейін аннексияланған Қырымда салынған көпірдің Google картасына енгені белгілі болған.
16 мамырда Ресейді Қырыммен жалғайтын, Керчь бұғазы арқылы өтетін көпірдің ашылуы болған еді. Ресей билігінің айтуынша, онда алғашқы боп “жергілікті тұрғындар” көліктерімен жүре бастаған. Көліктерге Ресей тулары ілінген. Ашылу барысында көпірдің үстімен Ресей президенті Владимир Путин КамАЗ-ға мініп, жүріп өткен.
Көпірдің ашылуын Еуропалық одақ пен АҚШ айыптады. Брюссельде Киевтің рұқсатынсыз көпір салуды "Украина мемлекетінің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін кезекті рет бұзу" деп атады.
Украина президенті Петр Порошенко “Қырымды жылдам тастап кетуі тиіс болғанда көпір оккупанттарға керек болады” деп мәлімдеген.
Көпірдің ұзындығы 19 шақырым. Көпірді салған компанияның бас мердігері ресейлік миллиардер Аркадий Ротенбергтің "Стройгазмонтаж" компаниясы. Миллиардерді Путиннің жақын досы деп атайды. Мемлекеттік келісім-шарттың құны ресми түрде 230 миллиард рубль деп айтылады.