Су тасқынынан келтірілген материалдық шығын 1,1 миллиард сомнан асты.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қырғызстанда 311 су тасқыны тіркеліп, 22 адам қаза тапты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ТЖМ басшысының орынбасары Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп inbusiness.kz.
"Су тасқыны салдарынан Ош облысында 15 адам, Ош қаласында 5 адам, Баткен мен Жалал-Абад облыстарында бір азамат қаза тапты", – деді шенеунік.
Оның айтуынша, су тасқынынан болған материалдық шығын 1,1 миллиард сомнан асты. Алайда ол Қырғызстанның оңтүстігінде түскен селдерден келтірілген залал есептелгеннен кейін залал сомасы одан да жоғары болатынын атап өтті.
ТЖМ мәліметтері бойынша, су тасқыны салдарынан 4,5 мың тұрғын үй, 68 әлеуметтік нысан, 404 шақырым автожол, 69 көпір, 87 автомашина зардап шекті. 869 бас мал қырылды.
"76 үй қирады, 86 үй күрделі жөндеуді қажет етеді", – деп қорытындылады Мамбетов.