"Зиянын азайту харам емес": Мысырдың бұрынғы мүфтиі қыздырылатын темекіні мақұлдады

0
232

Мысырдың бұрынғы Бас мүфтиі, ислам құқығы профессоры Али Джума (Гомаа) ұлттық "Әл-Хаятт" телеарнасының эфирінде темекінің зиянын азайту концепциясын қолдап, ислам құқықтық дәстүрі тұрғысынан пікір білдірді.


ERNUR.KZ. Беделді ислам ғұламасы, темекі қыздыру жүйелерін, атап айтқанда "Филип Моррис" компаниясының IQOS құрылғысын қолдану, егер олардың кәдімгі темекіге қарағанда ағзаға айтарлықтай аз зиян келтіретіні дәлелденсе, діни тұрғыдан рұқсат етілуі мүмкін екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Али Джума (Гомаа) – мұсылман әлеміне танымал ғалым, Каирдегі ең көне университет – Әл-Азхарда ислам құқығын оқытқан. Ол 2003-2013 жылдар аралығында Мысырдың Бас мүфтиі қызметін атқарып, діни-құқықтық шешімдер мен пәтуалар шығаратын ең жоғары орган – Дар әл-Ифта мекемесін басқарды. Темекі шегуге тыйым салатын 2005 жылғы №3147 пәтуаның авторы да сол. Қазіргі уақытта Али Джума (Гомаа) Мысыр Халық жиынының (парламентінің) депутаты және Әл-Азхардың Ғалымдар кеңесінің мүшесі.

Неліктен түтінсіз баламалар харам емес?

Электрон құрылғылар мен темекі қыздыру жүйелері (ғалымдар оларды кәдімгі темекіге қарағанда аз зиянды деп санайды) кәдімгі темекімен бірдей күнә ма деген сұраққа жауап бере отырып, шейх Али Джума (Гомаа) ислам құқықтануының басты қағидатын түсіндірді: кез келген жаңа нәрсе әуел бастан рұқсат етілген (халал) болып саналады, егер керісіншесі дәлелденбейінше.

"Исламда "Зиян да жоқ, зиянмен жазалау да жоқ" деген ереже бар. Тек айқын түрде ауыр зиян келтіретін нәрсеге ғана тыйым салынады. Егер жаңа өнімнің зияны айтарлықтай аз екені ғылыми түрде дәлелденсе, оны харам деп жариялауға негіз жоқ", – деп түсіндірді құқықтанушы.

Сондай-ақ, Али Джума (Гомаа) темекі тұтынуға арналған электрон құрылғылар (мысалы, IQOS) темекі шегуге тыйымды айналып өту үшін емес, зиянын азайтуға тырысу ретінде пайда болғанын атап өтті. Ғұлама ислам ғалымдарының темекіге деген көзқарасы уақыт өте келе өзгергенін еске салды: егер бұрын әртүрлі пікірлер айтылса, тіпті кейбіреулері темекі шегу тақуалыққа ықпал етеді деп мәлімдеген. Шамамен 25 жыл бұрын медициналық дәлелдердің жиналуымен темекі түтінінің улы екені расталып, темекіге бірыңғай тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні беделді ғалымдардың ешқайсы темекі шегудің денсаулыққа ауыр зиян келтіретініне және исламның өмірді сақтау жөніндегі негізгі қағидатына қайшы келетініне күмән келтірмейді.

Бұрынғы Ұлы муфтиидің айтуынша, егер темекіге балама зиянсыз болып, үлкен зияннан арылуға көмектесетін болса, оны қолдану күнә емес. Басқаша айтқанда, шариғат тұрғысынан, қауіпті темекіні зияны аз баламамен алмастыруға болады. Әсіресе бұл денсаулықты сақтап қалуға жасалған қадам болса.

Заманауи ислам: тыйымдардан ақылға салу арқылы шешім жасау

Британдық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, темекі түтінінде 7000 улы зат бар. Оның 69-ы канцерогенді екені дәлелденген. Ал заманауи түтінсіз құрылғылар дәстүрлі темекілерден айтарлықтай ерекшеленеді: олар темекіні 350 градусқа дейін ғана қыздырады. Нәтижесінде никотин бар аэрозоль түзіледі. Бірақ құрамында шайыр, токсиндер, канцерогендер сияқты көптеген жанатын зиянды өнімдер болмайды. Ғылыми тұрғыдан дәлелденгендей, түтінсіз өнімдер дәстүрлі темекілерге қарағанда 95% аз зиянды.

Алайда, зияны аз деген – мүлдем қауіпсіз дегенді білдірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ескертеді: никотин – табиғи алкалоид, ол инсульт, инфаркт, өкпе аурулары немесе онкологияны тікелей қоздырмайды. Бірақ тәуелділік тудыра алады. Соған қарамастан, дәрігерлік мақсатта тазартылған никотинді қолдануды дінтанушылар құптайды. "Темекіден біртіндеп бас тарту үшін никотиндік пластырьларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл оразаны бұзбайды және намазға кедергі келтірмейді", – деп 2007 жылы шейх Мұхаммед Салих әл-Мунажжидтің жетекшілігіндегі Islam Q&A академиялық ресурсы шешім шығарған.Әрине, темекіні қыздыруға арналған электрон құрылғылар денсаулыққа қауіпті темекілердің орнын басатын құрал ретінде қарастырылуы мүмкін. Сондықтан никотиннің өзі харам емес, харам – дәстүрлі темекінің денсаулыққа келтіретін зияны.

"Вейптер немесе темекі қыздыру жүйелерін қолдануға рұқсат етіледі, егер дәрігерлер олардың зияны аз екенін растаса және бұл темекіден толық бас тартуға бағытталған кезең болса", – деп түсіндіреді Каирдегі Әл-Азһар университетінің дінтанушылары.

Осылайша, дәстүрлі ислам құқығы денсаулық мәселелерінде икемділік танытып, діни беделді тұлғаларға темекі зиянын азайтуға бағытталған заманауи стратегияларын қолдауына мүмкіндік береді. Рухани көшбасшы әрі белгілі ғалым Али Джуманың (Гомаа) ұстанымы көптеген мұсылмандарға зиянды әдеттен толық арылу жолында темекі тұтынудың зияны аз түрлеріне көшуге көмектесуі мүмкін.