Желіде даулы видео тарады: Дене шынықтыру сабағында кішкентай қыз жарақат алды

0
125

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада нұсқаушының балаға дөрекі түрде қарағанын байқауға болады.


Желіде даулы видео тарады: Дене шынықтыру сабағында кішкентай қыз жарақат алды

ERNUR.KZ. Екібастұзда ерекше қажеттіліктері бар бала дамыту орталығындағы бейімделген дене шынықтыру сабағынан кейін жарақат алды. Оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада нұсқаушының балаға дөрекі түрде қарағанын байқауға болады. Ол қыздың қолынан тартып, итеріп жібереді. Баланың туыстарының айтуынша, оған гипс салынған.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шәкенованың мәліметінше, қыз қазір үйінде, жағдайы тұрақталып келеді.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы, 2-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, соның ішінде оған қатыгездікпен қарау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.