Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде мұғалім қайтыс болды

0
2 163

Студенттер әйелдің мекенжайын білмек болады, бірақ демала алмай қалған оқытушының сөйлеуге шамасы келмеген.


Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде мұғалім қайтыс болды

ERNUR.KZ. Аргентинада университет оқытушысы Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде қайтыс болып кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға сәрсенбі, 2 қыркүйекте болған. Аргентинадағы университеттің оқытушысы онлайн дәріс оқып жатқан.

Кенет 46 жастағы Паола де Симоне сабақ барысында демала алмай, тұншыға бастайды. Ақыры ол есінен танып, қайтыс болады.

Басылымның хабарлауынша, студенттер жедел жәрдем шақыру үшін мұғалімнің мекенжайын білмек болады, бірақ ауруы ұстап, қысылып қалған әйелдің сөйлеуге шамасы келмейді.

Тамыз айының соңында осы оқытушы әлеуметтік желіде өзінде коронавирустық инфекция белгілері бар екенін жазған екен.