Алматыдан 745 шақырым қашықтықта жер сілкінді

0
3 874

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 4,8.


Алматыдан 745 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 19 ақпан күні Алматы уақытымен 9 сағат 32 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазады inform.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 745 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 4,8. Жерасты дүмпуі 55 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.