АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: 2020 жылдан бастап енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

0
19 667

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері жұмыс істей бастайды.


АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: 2020 жылдан бастап енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

ERNUR.KZ. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2020 жылдан бастап өзгереді.


Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

● 4 баласы бар отбасыларға – 42500;
● 5 баласы бар отбасыларға – 53125;
6 баласы бар отбасыларға – 63750;
7 баласы бар отбасыларға – 73375 теңге көмек тағайындалады.

Қазақстандағы әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді кімдер алады?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының орташа табысы жан басына шаққандағы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарға немесе отбасыға шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.



АӘК-нің жаңартылған форматы: Өтініштерді қабылдау қашан, қай жерде қабылдайды?

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Егер, отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.


АӘК-ні тағайындау үшін мына құжаттар қажет

Өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Бұл ретте, өтінішті берушіге сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал оралмандар үшін – оралман куәлігі болуы тиіс.


Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет емес

Міндетті емес. АӘК өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.


Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша іске қосылатын шаралар

1. Көп балалы аналарға өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар беріледі.

2. Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мынандай өзгерістер енгізіледі:

микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;

үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;

тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала / ауыл) берілетін микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау;

аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).


Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.