Тереңдігі шамамен 7 шақырымға жетті.
ERNUR.KZ. Түркияның Адана қаласында 4,5 және 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Адананың Сәлімбейлі ауданында Түркия уақытымен күндізгі сағат 11:33-те 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі шамамен 7 шақырымға жетті.
Арадан 3 минут өткен соң, яғни 11:36-да 4,3 балдық кейінгі дүмпу тіркелді. Оқиға орнынан хабар таратқан журналистердің хабарлауынша жағымсыз жағдай орын алған жоқ.
Айта кетейік бүгінге дейін Түркияда 33 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген.