Жер сілкінісінен қалай қорғануға болады? Кеңестер мен ұсыныстар

0
2 111

Ғимараттың тербелуін сезінгеннен кейін, дүрлікпеңіз.


Жер сілкінісінен қалай қорғануға болады? Кеңестер мен ұсыныстар

ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жер сілкінген кезде адамдар қандай қауіпсіздік шарасын білуі керек екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жер сілкінісі жақындаған кезде ғимарат теңселіп, шамдардың тербеледі, ыдыс-аяқтың шылдырлап, сынған әйнектің, жарылған қабырғалар мен құлаған заттардың дыбысы шығады, дүріл күшейеді. Ғимараттың тербелуін сезінгеннен кейін, дүрлікпеңіз.

Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған кезде жер сілкінісі кезінде әрекет ету жоспарын алдын ала ойластырыңыз. Пәтердегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтаңыз және жер сілкінісі болған жағдайда үйден шығудың қауіпсіз жолын жоспарлаңыз. Оның кез келген уақытта болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, оны көрсетудің әдістерін меңгеріңіз. Құжаттарды, ақшаны, ысқырықты, қалта шамын және қосалқы батареяларды ("дабыл чемоданы") ыңғайлы жерде ұстаған жөн. Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су мен консервілердің болуын қамтамасыз ету де маңызды.

Кереуеттерді терезелерден, сыртқы қабырғалардан, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан сақ болыңыз. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді дұрыстап бекітіңіз. Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) қауіпсіз, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.

Кез келген адам қажет болған жағдайда электр қуаты мен суды өшіретін жердің қайда екенін білуі керек.

Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдаққа баруға болмайды.

Егер сіз үйде болсаңыз, жазу үстелінің немесе асхана үстелінің астына жасырыңыз. Бір қолыңызбен үстелдің аяғынан ұстап, екінші қолыңызбен мойын мен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде үстел алыстап кетпеуі және қорғаныссыз қалмау үшін үстелдің аяғын ұстап тұру өте маңызды. Өзге жағдайларда ішкі есіктің орнында немесе бөлменің бұрышына тұруға болады. Құлаған үйінділерден сақ болған абзал.

Үзілген сымдар, шкафтар, теледидарлар, микротолқынды пештер, тоңазытқыштардың қауіптілігі жоғары.

Жер сілкінісі кезінде ғимараттан жүгіріп шықпау керек

Сейсмолог Люси Джонстың айтуынша, зіл зала кезінде ғимараттағыларға қарағанда сырттағы адамдар көбірек зардап шегуі мүмкін. Мысалы, 2003 жылы болған жер сілкінісі кезінде екі әйел киім дүкенінен жүгіріп шығып, кірпіш пен сылақтың астында қалған. Егер олар іште қалса, аман қалуға мүмкіндік жоғары болатын.

Егер сіз сыртта болсаңыз, электр желілерінен, ғимараттардан, автомобильдерден және басқа қауіптерден аулақ болыңыз. Төмен түсіп, басыңызды жауу арқылы сіз өзіңізді ұшып жатқан заттардан қорғаңыз. Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз.

Егер сіз көлік жүргізіп келе жатсаңыз жол жиегіне тұраққа қойыңыз және барлық төрт дөңгелекті бұғаттайтын қол тежегішін пайдаланыңыз.

Егер сіз театрда немесе стадионда болсаңыз, орындықтың алдына жерге отырыңыз немесе мүмкіндігінше еңкейіңіз. Содан кейін басыңызды қолыңызбен жауып, жердің сілкінуі тоқтағанша мойныңызды жібермеңіз.

Жер сілкінісі туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз және әрбір отбасы мүшесі жер сілкінісінің алдында, кезінде және одан кейін не істеу керектігін білуі керек. Жер сілкінісінен кейін қай жерде кездесетініңізді жоспарлаңыз. Жер сілкінісі басталған кезде жасырынатын үйіңіздегі қауіпсіз орынды анықтаңыз.

Әрбір отбасы мүшесінің өзінің кезекші сөмкесі болуы керек. Оның ішінде:

  • Дәрі-дәрмектер (дәрі қобдишасы)
  • Ақша
  • Құжаттар
  • Өзіңіз туралы байланыс деректері және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың байланыс телефондарының тізбесі
  • Ауыз су (күніне әр отбасы мүшесіне кемінде төрт литр)
  • Ысқырық
  • Қол шам, қосалқы батареялар
  • Консервілер мен герметикалық пакеттердегі өнімдер
  • Жылы заттар, көрпе, мықты етік, шұлық және т. б. болуы шарт