Қозалтқыштың дауысы ҚАТТЫ шыққанда НЕ істеу керек?

0
3 645

Көптеген жүргізушілер көлігінің қозғалтқышынан қатты дыбыс шыққанда не істеу керек екенін білмейді.


Қозалтқыштың дауысы ҚАТТЫ шыққанда НЕ істеу керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қозалтқыш дыбысы неліктен күшейеді?

Әрбір қозғалтқыштың мұндай жағдайға түсуіне түрлі ақау себеп болуы мүмкін. Олардың қатарына жанармай мен қозғалтқыш майының сапасыздығы, қозғалтқыш жабдықтарының тозуы, жанармай жеткізу жолындағы және шыншырлы немесе ременді берілісті майлау жүйесінің ақаулары жатады. Ондай жағдайда бірден себебін анықтап, қалпына келтірмесе, бұзылған қозғалтқыш қомақты шығынға ұшыратады.

Сондай-ақ, қозғалтқыш дыбысының жоғарылауына шуды бәсеңдететін жүйенің ақаулары себеп болады. Бұл жағдайда аталған жүйенің сынған немесе жанып кеткен жабдықтарын жаңалау жеткілікті. Ал, поршеньдік жүйенің жабдықтары істен шықса, қозғалтқышты «ашып», көп қаржыға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді.

Сонымен қатар, қазіргі газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардан қатты дыбыстың шығуы газды жеткізу жүйесінің ақауларынан туындайды. Аталған жағдайда да, қозғалтқыштағы ақауды анықтап, бірден шеберлердің көмегіне жүгінген абзал.

Одан бөлек, дыбыстың артуына әртүрлі– генератор, кондиционердің компрессоры секілді аспалы жабдықтардың ақауы себеп болады. Мұндай ақауларды анықтау өте қиын болғандықтан, мәселені автоколік диагностикасының қызметіне жүгіну арқылы шешкен дұрыс.


Кеңестер:

  • Аспалы жабдықтардың ақауын анықтау үшін диагностикаға жүгіну керек;
  • Сапасыз май қолданбаңыз, өйткені ол үлкен шығынға ұшыратады және басқа да жабдықтардың бұзылуына әкеледі;
  • Әрқашан арнайы мамандардың көмегіне жүгініңіз;
  • Ақаулардың алдын алу үшін қозғалтқыш жағдайын тексертіп тұрыңыз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бензиннің нашар екенін оңай анықтауға болады


Тежегіші істен шыққан көлікті ҚАЛАЙ ТОҚТАТУҒА болады?