ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА... Қай көлік 400 км/сағ жылдамдықты БІРІНШІ БАҒЫНДЫРҒАН?

0
315

Барлық маңызды тарихи жылдамдық жазбалары XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бұзылды.


ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА... Қай көлік 400 км/сағ жылдамдықты БІРІНШІ БАҒЫНДЫРҒАН?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Алғаш рет автомобиль тарихындағы 100 км/сағат жылдамдық XIX ғасырда тіркелген. Ал, 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі жеті жыл ішінде McLaren F1 өндірістік автомобильдер арасында 386,4 км/сағ. жылдамдық рекордын сақтап тұрған және одан озу мүмкін еместей көрінген. Ал, одан кейін Bugatti Veyron пайда болды, бұл көліктің жылдамдығы 407 км/сағ.-қа жеткен. Бірақ осы екі көлікке дейін жылдамдық бойынша жаңа рекорд орнатқан басқа да машиналар болған екен.


Алғашқы 100 км/сағ жылдамдық

Қазір автокөліктерді салыстырғанда алдымен автомобильдердің 100 км/сағ жылдамдыққа қаншалықты тез жететіндігі айқын мысалы ретінде қолданылады. Бірақ бір кездері мұндай мүмкіндік болмаған. Яғни бұл рекорд алдымен 100 км/сағ жылдамдыққа тезірек жететіндердің арасында емес, мұндай жылдамдыққа қол жеткізе алатындардың арасында орнатылған.


1899 жылы Карл Бенцтің көлігі пайда болғаннан кейін, небары 14 жыл өткен соң француздық la Jamais Contente машинасы пайда болды. Ол 105,8 км/сағ жылдамдықпен жарыс жолында рекорд орнатқан. Көлік торпедо тәрізді корпусқа ие болды. Бірақ жүргізушінің шанақтан жоғары орналасуы аэродинамиканы бұзып, көліктің одан да жоғары жылдамдыққа жетуіне жол бермеген.


Бір қызығы бірінші рекордты электромобиль орнатқан. Нақтырақ айтсақ, La Jamais Contente екі электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Олардың жалпы қуаты шамамен 68 ат күшіне тең болған.


Өкінішке қарай, бұл электрлі қозғалтқыштар ондаған жылдар бойы рекордты сақтап тұра алмады. Себебі, осыдан үш жылдан кейін, яғни 1902 жылы ішкі жану арқылы жұмыс істейтін қозғалтқышы бар алғашқы көлік бұл рекордты жаңартып, 120 км/сағ жылдамдықты бағындыра алды.



Алғаш рет 160 км/сағ. жылдамдыққа дейін...


Тарихшылар «қай көлік 160 км/сағ жылдамдыққа бірінші болып жете алды?» деген сұраққа әртүрлі жауап беріп, ортақ пікірге келе алмайды. Себебі 1900 жылдары бухгалтерлік есеп дами қоймаған.


Бұл рекордқа үміткерлердің бірі – Baker torpedo EV. Ол басқа планетадан ұшып келгендей әсер қалдырған. Электр қозғалтқышы небары 14 ат күшіне тең болған көлік тамшы тәрізді пішіні мен 36 дюймдік сым инелі дөңгелектерінің арқасында ауаны тіліп тастай алған.


Өкінішке қарай, бұл көлікпен рекорд орнатудың алғашқы әрекеті кезінде үлкен дөңгелектердің бірі шығып кетіп, 20 адамның өмірін қиған апат орын алған. Келесі әрекет те қайғылы жағдаймен аяқталады. Жүргізуші көлікке ие бола алмай, көлік көрермендерге қарай ұшып кеткен. Ал жүргізуші зардап шекпеген. Себебі бұл қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған алғашқы жарыс машинасы болатын. Бұл кезде көлік 167,3 км/сағ жылдамдықпен жүрді деп болжанған, бірақ осыдан кейін өлімге әкелетін апатқа байланысты АҚШ билігі жұртшылықтың қатысуымен рекордтар орнатуға тыйым салды. Ал белгіленген жылдамдық есептелмеді.


Рекордқа екінші үміткер – тағы да сол өндірушінің көлігі. Біраз уақыттан кейін Baker torpedo kid моделі 167 км/сағ жылдамдыққа жеткен. Сол күні көлік бірнеше рет максималды жылдамдыққа жетуге тырысқан. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, бір әрекетте ол 218 км/сағ жылдамдыққа жете алған. Өкінішке қарай, мұны ешкім растай алмайды.


Ресми түрде бұл рекорд француздық gobron-brillié көлігіне тиесілі. Ол 13,5 литрлік 110 ат күшіне ие оппозициялық поршенді, төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жұмыс істеген. Ресми түрде 160 км/сағ жылдамдықтан асқан алғашқы көлік Гоброн-Брилли болды. Сол жылы американдық Napier l48 Samson көлігі 168 км/сағ жылдамдыққа жеткен.



Алғашқы 240-480 км/сағ жылдамдық


240 км/сағ жылдамдықты бағындырған алғашқы көлік Британдық Sunbeam өндірушісінің моделі болды. 1920 жылы компания Sunbeam 350 HP шығарды. Ол 18,8 литрлік 350 ат күшіне ие V12 авиациялық қозғалтқышымен жабдықталған.


Британдық жүргізуші мен автомобиль журналисі Сэр Малколм Кэмпбелл 1922 жылы тағы бір рекорд орнатты. Алайда рекордты тіркеген шенеуніктер секундомерді бұзып, жылдамдық есептелмеген. Содан кейін тағы да әрекеттер жасалған. Нәтижесінде 1925 жылы автомобиль 242 км/сағ жылдамдықпен жүре алды.


Өзге көліктер бұл жылдамдыққа үш онжылдықтан кейін ғана жетіп, 1955 жылы Mercedes-Benz 300 SL рекорд тіркеген. Ал 1927 жылы Sunbeam екі авиациялық қозғалтқышы бар модель шығарды - 1000HP Mystery. Ол әлемде бірінші болып 328 км/сағ жылдамдықпен жүре алды және бұл жаңа рекорд болды. Тек 1987 жылы Ferrari F40 өндірістік машинасы оны қуып жете алған.


Малколм Кэмпбелл тағы бірнеше рекорд орната алды. Ол алдымен 402-ге дейін, содан кейін 482 км/сағ жылдамдыққа жетті. Бірінші жылдамдыққа Thomson&Taylor компаниясының Blue Bird атты көлігімен қол жеткізілді. Ол 1450 ат күшіне ие 23,9 литрлік W12 қозғалтқышын пайдаланды.


Бұл өте әсерлі тарих. Әсіресе, жол көліктері тек 2019 жылы ғана 482 км/сағ жылдамдыққа жеткенін ескерсек. Ал Малколм Кэмпбелл мұны 1930 жылдары жасап қойған.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


БІР ғана жерін ӨЗГЕРТСЕҢІЗ, көлігіңіз ЖАЗДАҒЫДАЙ ЖЫЛЫ болады


Антифриздің ТҮСІ нені БІЛДІРЕДІ? Қайсысын ҚҰЙҒАН дұрыс?