TikTok-та мұғалімдердің контенті жоғары сұранысқа ие - компания директоры

0
144

Қонақ үй және демалыс индустриясы, ойын-сауық, сұлулық пен денсаулық қызметтері TikTok-та ең жоғары нәтиже көрсетіп отыр.


TikTok-та мұғалімдердің контенті жоғары сұранысқа ие - компания директоры

Sputnik

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша TikTok компаниясының мемлекеттік органдармен және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Сергей Соколовпен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Кездесуде TikTok пен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижелері таныстырылды. Сауалнамаға елдің 20 өңірінен 300-ден астам шағын және микро бизнес өкілдері қатысты.
Сергей Соколовтың айтуынша, Қазақстан – аймақтағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі. TikTok мүмкіндіктерін пайдалану әлеуеті мұнда әлі толық ашылған жоқ.
Зерттеу деректеріне сәйкес, шығармашылық және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар — қонақ үй және демалыс индустриясы, ойын-сауық, сұлулық пен денсаулық қызметтері TikTok-та ең жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

"Білім беру және туризм бағытындағы контент те сұранысқа ие — қазақстандық мұғалімдердің, мәдени және туристік жобалардың бейнежазбалары миллиондаған қаралым жинаған", - деп жазылған хабарламада.

Кездесуде цифрлық қауіпсіздік, онлайн орта мәдениеті мен тұрақты даму мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин TikTok бастамалары мен зерттеу нәтижелерін оң бағалап, ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік блогы осы бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.