Автогаз жетіспеушілігіне қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі іске қосылды

0
203

Газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты.


Автогаз жетіспеушілігіне қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі іске қосылды

© Sputnik / Константин Михальчевский

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желіні іске қосты, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеп жатыр.

"Бензин мен дизель отыны бойынша: министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар сұйытылған мұнай газы бойынша атқарылған жұмыстар аясында өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты, дейді ведомстводағылар.

Егер АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе жанармай құю станцияларында отынның болмауы сияқты жағдайлар анықталса, +77018550248 жедел желі нөміріне хабарласуға болады.
Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады.