Күзден АМАН-САУ өткіңіз келсе, кеңестерге құлақ түріңіз

0
227

Бұл – қауіпсіздік кепілі және артық шығындардың алдын алудың бірден-бір жолы.


Күзден АМАН-САУ өткіңіз келсе, кеңестерге құлақ түріңіз

Күз – табиғаттағы түрлі өзгерістермен қатар, жол жағдайларына да ерекше әсер ететін мезгіл. Атап айтқанда, күн қысқарып, жаңбыр мен тұман жиілеп, жолдар тайғақ болады. Сондықтан көлік жүргізушілері темір тұлпарын күз мезгіліне алдын ала дайындауы қажет. Бұл – қауіпсіздік кепілі және артық шығындардың алдын алудың бірден-бір жолы.


КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ КӨЛІКТІ КҮЗГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУЫ КЕРЕК?

1. Дөңгелекті тексеру және ауыстыру

Күзде ауа температурасы төмендеген сайын жазға арналған дөңгелектер өзіндік қасиеттерін жоғалтады. 7°C-тан төмен температурада қауіпсіз өозғалыс үшін қысқы немесе маусымаралық дөңгелек қажет. Протектор тереңдігін, қысымын тексеру – басты шарт.


2. Тежеу жүйесі

Жаңбырлы күндері жолдың тайғанақ болуы тежегішке түсетін жүктемені арттырады. Сондықтан тежеу сұйықтығы мен колодкалардың жай-күйін тексеріп, қажет болса ауыстырған жөн.


3. Фара мен жарық жүйесі

Күзде күн ерте бататындықтан жарық жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі маңызды. Фаралар, артқы шамдар, бұрылу көрсеткіштері түгел тексеріліп, қажет болса тазалануы не ауыстырылуы тиіс.


4. Терезе тазалағыштар мен сұйықтықтар

Күз айларында жаңбыр мен тұман жиі түсетіндіктен, терезе тазалағыштар мен жуғыш сұйықтықтың сапасы мен деңгейін жақсартып қою қажет. Бұл – жолды дұрыс көру және қауіпсіздік үшін өте маңызды.


5. Аккумулятор

Күзде күн суыта бастағанда аккумулятор қуатының төмендеуі де байқалады. Сондықтан оның қуаты мен күйін тексеріп, қажет болса жаңарту қажет. Әйтпесе, әбіржіп қалуыңыз әбден мүмкін.


6. Қозғалтқыш майы мен техникалық сұйықтықтар

Температураның өзгеруіне байланысты қозғалтқыш майының және өзге де сұйықтықтардың тұтқырлығы да өзгеріске ұшырайды. Сол себепті оларды жаңартып қойған абзал. Ауыстыратын кезде автокөлік өндірушісінің нұсқауына сай келетін май түрін пайдаланған дұрыс.


КҮЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПТЕР МЕН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ:

1. Тайғақ жол мен жапырақтар

Ылғал мен жапырақтар асфальтта қауіпті тайғақ қабатын түзеді. Сондықтан жолда жүрген кезде жылдамдықты азайтып, тежегішті бірте-бірте басу ұсынылады.

2. Тұман

Жолдың көріну деңгейі төмендейтін кездерде қарсы бағыттағы жарыққа мұқият болу керек. Арнайы тұманға қарсы шамдарды қосып, арақашықтықты сақтау қажет.

3. Жануарлар мен жол-көлік қозғалысы

Күзде ауылды жерлерде жануарлар жолға көптеп шығуы мүмкін. Әсіресе, таңғы және кешкі уақытта абай болу керек.

4. Ауа райының жиі өзгеруі

Күзде күннің күрт суытуы, жаңбырдың бұрқасынға айналуы сияқты күтпеген жағдайлар болады. Автокөлікте жылы көрпе, су, шағын құрал-сайман болғаны артық етпейді.


КҮЗ АЙЛАРЫНДА ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСТЕРІ:

1. Жол жағдайына бейімделіңіз

- Жаңбырлы, тұманды және тайғақ жолдарда жылдамдықты азайтыңыз.

- Көлік арасындағы қашықтықты ұлғайтыңыз.

- Кенеттен тежеуден аулақ болыңыз – мұндай оқыс әрекеттің әсерінен көліктің сырғанауы мүмкін.


2. Көлікті уақтылы тексеріңіз

- Дөңгелектердің протектор тереңдігі мен қысымын тексеріңіз.

- Тежегіш жүйесін толық тексертіп алыңыз.

- Әйнек тазалағыштар мен жарық жүйесінің жұмысын қадағалаңыз.


3. Жолдың дұрыс көріну – басты талап

- Тұман кезінде тұманға қарсы шамдарды қосыңыз.

- Шынылар мен айна бетін таза ұстаңыз.

- Қараңғыда жарық құралдарының бәрі дұрыс жұмыс істеуі тиіс.


4. Жылы киім мен керек-жарақ дайындаңыз

- Көлікте жылы көрпе, қалта шамы, ауыспалы аяқ киім, су мен шағын құралдар болсын.


5. Уақытыңызды алдын ала жоспарлаңыз

- Ауа райын тексеріп жүріңіз.

- Жолда кептеліс немесе басқа қауіп болған жағдайда балама маршрутты жоспарлаңыз.


6. Жаңбыр мен жапырақтан абай болыңыз

- Ылғал жапырақтар тайғақ болады – бұрылыстар мен тоқтау сәттерінде мұқият болыңыз.


7. Жануарлар мен адамдарға назар салыңыз

- Кешкі және таңғы уақытта жол бойында жүретін жануарлар мен жаяу жүргіншілерден сақ болыңыз.

Күз – ерекше әрі көркем мезгіл. Алайда, жүргізушіден жоғары жауапкершілік пен мұқияттылықты талап етеді. Жолдағы қауіпсіздік – тек сіздің емес, айналаңыздағы адамдардың да амандығына кепіл болатынын ұмытпаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


BYD жаһандық электромобиль нарығында көшбасшыға айналды


Қытай көліктерінің ҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІ? Қайсысын сатып алған дұрыс?