Такси болуға ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР ТИІМДІ?

0
2 418

Көліктердің барлығы мұндай жұмысқа жарай бермейді.


Такси болуға ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР ТИІМДІ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қызмет автокөлік пайда болған сәттен бастап танымал болды. Мұндай қызметтердің қарқынды өсуі үш негізгі факторға байланысты: жеделдік, жайлылық және қолжетімділік. Қазіргі заманғы нарық автотасымалдау үшін класы, сыйымдылығы, өлшемі, жылдамдығы, қозғалтқыш түрі және басқа параметрлері бойынша ерекшеленетін көптеген маркалар мен модельдерді ұсынады. Бірақ олардың барлығы мұндай жұмысқа жарай бермейді. Сондықтан қандай көліктердің такси болуға қолайлы екенін біле жүрген абзал.


ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН АВТОМОБИЛЬДЕРДІ ТАҢДАУ ОСЫНДАЙ КРИТЕРИЙЛЕР БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:


Класс

Көп жағдайда тұтынушылар ыңғайлы әрі бағасы арзандау көліктерге тапсырыс береді. Дегенмен, сәні мен сапасы үшін аздап артық төлейтіндер де бар. Сондықтан такси қызметі "экономды", "жайлы", «Бизнес», "Премьер","Элита", «премиум» сынды кластарды ұсынады. Тиісінше, әрқайсысының бағасы әртүрлі болады.


Үнемділік

Такси көлігін таңдаудың негізгі критерийлерінің бірі – үнемділік болып саналады. Сондықтан, таксиде жұмыс істеуге қандай көліктер қолайлы екендігі туралы тақырыпты қарастырған кезде шығыны аз көліктер ерекшеленеді. Себебі, жолаушы тасымалдаудан тапқан табыстың бір бөлігі жанармай құюға жұмсалады. Яғни, қозғалтқыш неғұрлым аз жанармай тұтынса, соғұрлым көп ақша табуға болады деген сөз. Тиісінше, қала ішінде жұмыс істеу үшін қуатты қозғалтқышы бар көлік сатып алудың артықшылығы болмайды.

Сенімділік

Бұл параметр көрсетілетін қызмет автокөлікті пайдалану шығындарына тікелей әсер етеді. Себебі такси көлігі тәулігіне 500 шақырымнан астам жол жүріп тастауы мүмкін. Ал, бұған тек сенімді әрі төзімді модельдер ғана төтеп бере алады. Арзан көліктер қарқынды жұмыс істеуге арналмағандықтан таксиде жұмыс істеуге жарай бермейді. Бұл тұрғыда көлікті жөндеуге арналған жабдықтардың бағасы мен қолжетімділігін де ескеру қажет. Әйтпесе, қымбат немесе сирек кездесетін бөлшектерді күту кезінде ұзақ уақыт бойы жұмыс жүрмей қалады.


Жайлылық және тартымды көрініс

"Яндекс. Такси " немесе басқа да таксопарктер жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де жайлылық мәселелерін қатаң бақылайды. Таксидің класы немесе тарифке қарамастан, көлікте кем дегенде қауіпсіздік жүйелерінің негізгі жиынтығы, кондиционер мен басқа да опциялар болғаны дұрыс. Дәстүрге сәйкес, ыңғайлы таксидің таптырмас атрибуты – сапалы аудиожүйе. Сонымен қатар, сыртқы және интерьердің тартымдылығы да маңызды рөл атқарады.


Сыйымдылық

Көп жағдайда такси көлігі белгілі бір адамдарды ғана емес, сонымен қатар көптеген сөмкелерді, жеке заттар мен басқа да жүктерді тасымалдауды қамтиды. Сондықтан автомобильдің кең болғаны ғана емес, жүксалғышының үлкен болғаны да маңызды. Оның көлемі кем дегенде 450 литр болуы керек. Ең дұрыс нұсқа – орындықтарының үшінші қатары жиналмалы болып келетін көлік. Сонда көп адам сыйып әрі қажет болғанда жүксалғышы да кеңейеді.


ЕНДІ ЯНДЕКС СЕКІЛДІ КОМПАНИЯЛАР ҚОЯТЫН ТАРИФТЕР МЕН ТАЛАПТАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТАНЫМАЛ МОДЕЛЬДЕРДІҢ РЕЙТИНГІН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ


«Бизнес» және «Премиум» тарифтері

Бұл тарифтерді ыңғайлылықты ғана емес, тартымды көліктермен қатынауды қалайтындар да таңдайды. Ал, бұл тарифке ие болатын көліктерде кондиционер, қауіпсіздік опцияларының кеңейтілген тізімі, жылытылатын жұмсақ орындықтар, интернет, панорамалық шатыр және басқа да жабдықтар болуы керек. Бұл санатта Toyota, Hyundai, Mercedes, BMW, KIA және басқа да танымал брендтердің көліктері көш бастап тұр.


Toyota Camry. Салоны кең және 540 литрлік багажы бар сәнді седан такси тұтынушылары арасында өте көп сұранысқа ие. Талғампаз автомобиль тек жайлылықтың жоғары болуымен ғана емес, бұрын-соңды болмаған өнімділік, сенімділік және беріктікпен ерекшеленеді. Осының бәріне қарамастан, бұл көлікті күтіп баптау да арзанға түседі.


KIA K5. Оңтүстік Кореядан келген стильді седан заманауи сыртқы келбетімен және жайлы интерьерімен ерекшеленеді. Барлық параметрлер мен талаптарға сәйкес, бұл модель "Комфорт +" тарифі аясында ғана емес, "Бизнес" тарифімен де қызмет көрсетуге жарамды. Себебі ол жаңа платформамен, үнемді қозғалтқышпен, белсенді опциялардың кеңейтілген тізімімен, жоғары динамика, ептілік және барлық жылдамдық диапазонындағы тұрақтылықпен жабдықталған.


Hyundai Genesis. Ал, мына седан ересек жолаушыларды ғана емес, кішкентай балаларды да тасымалдауға ыңғайлы кең салонымен тартымды. Оның салоны былғарымен қапталып, толық қауіпсіздік пакетімен жабдықталып, айрықша мультимедиамен жабдықталғандықтан сұранысқа ие.


Mercedes E-Class. Аты аңызға айналған седан қашан да «Бизнес» және «Премиум» тарифінде. Неміс брендінің қауіпсіздік және жайлылықтың кеңейтілген пакетімен жабдықталған бес есікті үлгісі такси ретінде жиі қолданылады.


BMW 5. Тәжірибелі жүргізушілер танымал бренд барлық негізгі ерекшеліктер мен артықшылықтарды қамтиды деп есептейді. Өйткені, Германиядан келген бұл көлік сенімді, үнемді әрі жайлы.


Арнайы тариф

Такси қызметін көптеген адамдарды ғана емес, ауқымды жүктерді тасымалдай алатын көліктер де атқарады. Әрі мұндай көліктермен дұрыс жұмыс істесе, "Эконом" немесе "Бизнес" тарифтеріндегі көліктерге қарағанда екі есе табыс әкеледі. Бұл санаттағы сұранысқа ие модельдер рейтингінде ГАЗ, Ford пен Mercedes брендтерінің өкілдері көш бастап тұр.


Газель. Ресейлік өндірушінің шағын автобустары мен жеңіл жүк көліктері қолжетімділігімен, төзімділігімен, техникалық қызмет көрсету және пайдалану шығындарының төмендігімен танымал.


Ford Tourneo. Ал, американдық микроавтобустар ұзақ мерзімді ресурстармен, пайдаланудағы шығындардың аздығымен және бөлшектердің қолжетімділігімен ерекшеленеді.


Mercedes Sprinter. Германияның көлігі ыңғайлы және қауіпсіз такси ретінде танымал. Кең салоны отбасымен немесе достармен сапар шегуге мүмкіндік береді.


Айтылған ақпараттар оқырмандарға пайдалы болады деп ойлаймыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МАС КҮЙДЕ ҒАНА ЕМЕС: Қандай жағдайларда көлік тізгіндеуге БОЛМАЙДЫ?

Осы қыста ЖАҢА КӨЛІКТЕР шығады