Қазақстанға жаңа ұшақтар қашан келетіні белгілі болды

0
109

Бұған дейін көлік вице-министрі Қазақстандағы логистиканы дамыту жоспарлары туралы айтқан болатын.


Қазақстанға жаңа ұшақтар қашан келетіні белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әуе әлеуетін іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, осы мақсатта жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жоспары жүзеге асырылып жатыр. Жоспарға сәйкес, үш жыл ішінде барлық ұшу-қону жолақтары мен терминалдар қайта жаңартылады.

"Еркін экономикалық аймақ режимі енгізілген негізгі әуе хабтары анықталды. Теміржол және автомобиль жолдарын жеткізе отырып, жанармай құю кешендері мен жүк терминалдарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аэронавигациялық қамтамасыз ету жүйесін ең заманауи деңгейде жаңғырту басталды", – деді Талғат Ластаев.

Сонымен қатар ұлттық жүк тасымалдаушы Air Cargo келісімшартқа қол қойды. Алғашқы Airbus A340 ұшағы биыл қарашада жеткізіледі деп күтілуде. Екінші ұшақ 2027 жылғы наурызда келеді деп жоспарланған.

Талғат Ластаевтың мәліметінше, нәтижесінде компанияның әуе кемелері паркі 10 ұшаққа дейін жетеді.

Бұған дейін көлік вице-министрі Қазақстандағы логистиканы дамыту жоспарлары туралы айтқан болатын. Ал 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Air Cargo жеке компаниясына үлкен үміт артылып отырғанын мәлімдеді.