Олардың магнитудасы 4,8 және 5,1 балл болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,8 және 5,1 болатын екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Қазақстанмен шекаралас Қытай аумағында орналасқан. Сонымен алғашқы жер асты дүмпуі 28 қазан күні сағат 20:40-та болған. Оның магнитудасы – 5,1, ал энергетикалық класы – 11,9.
Екінші жер асты дүмпуі де дәл осы маңайда 29 қазан күні Астана уақытымен 03:42-де болған. Оның магнитудасы – 4,8, ал энергетикалық класы – 11.


