Сарыағаш ауданында «Ырыс» микроқаржы ұйымынан несие алып, кәсібін кеңейткен мекемелер аз емес. Соның бірі – «Ақтөбе ЕА» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Аудандағы 38 шаруа қожалығы бірігіп, ортақ кооператив құрған болатын. Бүгінде кооператив меншігінде 75 гектар егістік және 500 гектардан астам жайылым жерлері бар. Жылына екі рет егін егіп, өнімін жинайды. Негізінен орамжапырақ, картоп, қызылша секілді көкөніс түрлерін егеді. Жиналған өнімді өз қоймасында сақтайды. Өнімді бірінші кезекте аудан тұрғындарына, одан артылғанын басқа облыстарға өткізеді.
ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданында «Ырыс» микроқаржы ұйымынан несие алып, кәсібін кеңейткен мекемелер аз емес. Соның бірі – «Ақтөбе ЕА» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі.
Аудандағы 38 шаруа қожалығы бірігіп, ортақ кооператив құрған болатын. Бүгінде кооператив меншігінде 75 гектар егістік және 500 гектардан астам жайылым жерлері бар. Жылына екі рет егін егіп, өнімін жинайды. Негізінен орамжапырақ, картоп, , қызылша секілді көкөніс түрлерін егеді. Жиналған өнімді өз қоймасында сақтайды. Өнімді бірінші кезекте аудан тұрғындарына, одан артылғанын басқа облыстарға өткізеді.
Бүгінде бұл кооперативтің қарамағында аумағы 1 гектардан асатын бірнеше жылыжай бар, біз соның біріне бас сұқтық. Бұл жылыжай 20 сотық жерді алып жатыр. Ішіне орамжапырақ көшеті егілген.
«Көшет 5 құлақ болғанда, біз оны егістік даласына отырғызамыз. Көшетті кооперативтің барлық мүшелеріне таратып беремін. Одан босаған жылыжайға қызанақ пен қияр егемін. Яғни жылыжай ешқашан бос тұрмайды. 8 жылдан бері өз шаруашылығымды ашып, жұмыс істеп келем. Бірақ жекеден гөрі кооперативке біріккен дұрыс екен. Қаржылық жағынан көп көмегі тиіп жатыр. Өз күшіммен 1 гектар ғана егістік егетінмін, кооперативтің көмегімен 3-5 гектарға жеткіздім», - дейді кооператив мүшесі Нұржігіт Манатов.
Бірақ таяуда бұл кооперативтің жұмыс барысы аздап өзгерді. Олар «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 11 миллион теңгеден астам несие алды. Оған Түркияда шығарылған сүт қабылдау бекетін орнатты. Одан бөлек, тоңазытқышпен жабдықталған сүт жинайтын көлікті лизингке алды.
- Сүт қабылдайтын бекет 2 тоннаға лайықталған, – дейді «Ақтөбе ЕА» АӨК төрағасы Фархат Жұманов. - Қазір қыс кезі, сиырлар туып жатқан жоқ, сондықтан ауылдан жиналатын сүт те аз. «Фудмастер» компаниясы «күнделікті сүт мөлшерін 500 литрге жеткізсеңдер, келісімшартқа отырамыз» деген. Әзірге оған жетпейді – 150-200 литр шамасында. 2 адам жұмыс істейді. Сүтті халықтан литрін 85 теңгеден қабылдап, 95 теңгеден балабақшаларға өткізіп жатырмыз. Көктемде кооператив құрамындағы әр шаруа қожалығына 10 сиырдан алып берем деп отырмын. Осылайша сүт бағытын жақсылап қолға аламыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы