Түскі немесе кешкі асқа тез дайындалатын тағам жасағыңыз келсе, осы мәзірді пайдаланыңыз!
Үйреншікті тағамнан жалыққан болсаңыз, аз ғана азық-түлікпен дәмді тағам дайындап көріңіз! Тіскебасар ретінде емес, кешкі ас орнына ұсынсаңыз да қарынды тойдырар тағам болмақ!
1 стақан фарш + 1 стақан айраннан дәмді пирог пісіріңіз!
Қажетті өнімдер:
- 1 кг фарш
- 350 мл кефир
- 1 дана жұмыртқа
- 1 шай қасық тұз
- 1 пакет қамыр қопсытқыш
- 50 гр. сары май
- 500 гр. ұн
- 3 дана пияз
- 1 шай қасық бұрыш
- 1 шай қасық кориандр.
Дайындалу тәсілі:
- Шұңғыл табаққа кефирді құйып, жұмыртқаны, тұзды салып, венчикпен араластырамыз.
- Ұнды елеп алып, қамыр қопсытқышпен араластыру керек. Сосын ұнды табаққа салып, қамыр илейміз. Осы қамырға енді ерітілген жылы сары майды құямыз. Қамырмен жақсылап араластырып, тоңазытқышқа салып қоямыз. 15 минутта қамыр дайын болады.
- Табаққа салынған фаршқа майдалап туралған әрі езілген пиязды қосамыз. Дәмдеуіштер қосып, тағы бір араластырып жіберу керек. Қамырды үш бөлікке бөліп, әрқайсысын жұқалап жаямыз.
- Осы жайылған қамырлардың ортасына фаршты бөліп салып, жан-жағын ашық қалдырамыз. Қамырдың фарш тимеген жерін бетіне қарай қайырып, дөңгелек пирог жасау керек. Сосын осы пирогтарды 220-230 градусқа қыздырылған пеште 25-30 минуттан пісіріп аламыз.
Макароннан дайындалған мейрамханалық тағам
Қажетті өнімдер:
- 1 пакет макаронның қатты сұрпы
- 1,5 л су
- 1 шай қасық тұз
- 1 ас қасық зәйтүн майы
- Тұздық үшін:
- 4 дана жұмыртқа
- 4 ас қасық зәйтүн майы
- 1 ас қасық сары май
- 1 ас қасық томат
- 25 гр. қара бұрыш, зире, жебіршөп.
Дайындалу тәсілі:
Макаронды кастрөлге салып, зәйтүн майы мен су құйып, қақпағын жауып жай отта қайнатамыз. Макарондар шамалы жұмсарса болғаны, пісіп кетпей-ақ қойсын.
Табаға сары майды салып ерітіп, томатты құямыз. 3 минут қуырып, араластырып отырамыз. Сосын дәмдеуіштерді қосып, 4 дана жұмыртқаны қосу керек.
5 минут бұқтырып, осы тұздыққа макаронды саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, отта піскенше ұстаңыз да, дастарханға ұсына беріңіз!
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қияр мен қызанақтан корей салатын жауып алыңыз
ҚАУЫН мен ҚАРБЫЗдан торт жасап көрдіңіз бе?
Айрин Тастемір: «Шоколадты құлпынай жасауды үйретіп, айына 1 миллион теңге табамын»