Жыл сайын баялды мен болгар бұрышынан салат жауып шаршаған болсаңыз, биыл салат мәзіріне кәдіні қосып көріңіз!
Қажетті қоспалар:
- 1 кг кәді
- 800 гр. қызанақ
- 300 гр. пияз
- 300 гр. сәбіз
- 300 гр. болгар бұрышы
- 7 тіс сарымсақ
- 30 гр. ақжелкен
- 100 мл өсімдік майы
- 60 гр. қант
- 1 ас қасық тұз
- 3 ас қасық 9%-дық сірке суы
- 0,5 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш
Дайындалу тәсілі:
- Шұңғыл қазанға өсімдік майын құйып, қыздырыңыз.
- Май қызғанша пияздың қабығын аршып, жұқалап турайсыз. Сосын пиязды қызып тұрған майға салып қуырасыз. Сарымсақты да аршып, майдалап турап, қуырылып жатқан пиязға қосыңыз.
- Сәбіздің қабығын аршып, арнайы үккіштен өткізесіз. Сосын сәбізді де пиязбен бірге қурасыз.
- Болгар бұрышын ортасынан бөліп, ұзыншалап әрі жұқалап тураған дұрыс. Содан соң болгар бұрышын да қуырмаға қосасыз. Барлық көкөністерді жай отта бұқтыру керек.
- Қызанақтарды текшелеп турап, оны да бұқтырмаға саласыз. 10 минуттан қуырылады.
- Кәділерді жуып, кепкен соң кепкен соң текшелеп турау керек. Басқа көкөністерге қарағанда ірілеу етіп турауға болады. Туралған кәдініде қазанға салыңыз.
- Кәдіден соң қант пен бұрышты салып, барлығын жақсылап араластырған дұрыс. Салатты тағы да 20-30 минуттай бұқтырасыз.
- Ақжелкенді тазалап жуып, майдалап турап, қазанға саласыз. Сірке суын құйып, барлығын тағы бір араластырып жіберіңіз. 5 минуттан кейін отты өшіріп, салатты жауып ала беруге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: