ХИТ ТАҒАМ: Банан қосылған қаймақты пирог

0
296

Банан - пирогқа ерекше дәм береді.


ХИТ ТАҒАМ: Банан қосылған қаймақты пирог


Қажетті қоспалар:

Қамырына:

  • 1 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 1 стақан қант
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 стақан ұн


Салмасына:

  • 2 ас қасық ұн
  • 100 гр. қант
  • 100 гр. сары май
  • 2 дана банан
  • 200 гр. қаймақ
  • 1 дана жұмыртқа


Дайындалу тәсілі:

  1. Қант пен жұмыртқаны бір табаққа салып, миксермен көпіршітеміз. Содан соң қамыр қопсытқыш пен жұмсақ сары майды қосамыз.
  2. Кейіннен ұн қосып, барлығын жақсылап араластырып, қамыр илейміз.
  3. Екі бананның қабығын аршып, турап дайындап қоямыз.
  4. Салмасын дайындау үшін қант пен жұмыртқаны араластырып алу қажет. Сосын осы араласпаған қаймақ пен 2 ас қасық ұн салып, жақсылап араластырамыз. Салма дайын болған кезде, қамырды тоңазытқыштан алып, формаға жайып салу керек. Жан-жағына да қамыр жабыстыруды ұмытпаймыз.
  5. Енді қамырға алдымен туралған банандарды салып шығып, сосын қаймақ араласпасын құямыз. Егер салмасының тым жұмсақ болмағанын қаласаңыз, 1-2 ас қасық жүгері крахмалын қосуға болады.
  6. Осылайша дайындалған пирогты 180 градусқа дейін қыздырылған пешке салып, 20-25 минуттай пісіреміз. Өте дәмді пирогты суыған соң, кесе беруге болады.



Тағы да оқыңыз:


МЕРЕКЕЛІК МӘЗІР: шабдалы мен лимон қосылған ерекше десерт