Жаңа жыл дастарханына арнап десерт жасаңыз!
Қажетті қоспалар:
- 25 гр. желатин
- 80 мл сүт
- 150 гр. йогурт
- 150 гр. сүзбе
- 500 гр. шабдалы
- 100 гр. қант
- 300 гр. қаймақ
- Дайындау тәсілі:
- Ең алдымен шабдалыны турап аламыз. Текшелеп турасаңыз да болады.
- 25 гр. желатинді 80 мл сүтпен араластырып, көпсітіп қоямыз.
- Енді ыдысқа 150 гр. сүзбе мен 150 гр. йогуртты, 100 грамм қантты салып, блендермен біркелкі массаға айналғанша араластырып аламыз.
- Осы араласпаға 300 грамм қаймақ қосасыз. Ал, көпсіген желатинге тағы да азырақ сүт қосып, микротолқынды пешке салып, азырақ ерітіп алу керек. Желатинді де сүзбе араласпасына қосамыз.
- Барлығын қасықпен жақсылап араластырып, туралған шабдалыны да қоса беруге болады.
- Дөңгелек формаға сүзбе қосылған араласпаны салып, бетін қасықпен тегістеп шығамыз.
- Қалауыңызша тәтті десертті шабдалымен немесе басқа да жемістермен әсемдесеңіз болады.
- Форманың бетін асханалық пленкамен жауып, 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Егер десертті кешкі уақытта дайындаған болсаңыз, таңертеңге дейін тоңазытқышта қалдыруыңызға болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
"Шайн мускат" жүзімі мен йогурттан ерекше СМУЗИ