Крекер печеньесін үйде дайындауға болады

0
4 297

Крекер печеньелерін балалармен қатар ересектер де ұнатады. Дәмі ерекше мұндай күлшелерді үй жағдайында пісіруге болады.


Крекер печеньесін үйде дайындауға болады

фото: farmwifecooks.com

Классикалық крекер печеньесі

фото: 1.bp.blogspot.com

Қажетті өнімдер:

  • 450 гр. ұн
  • 250 гр. балқытылған сыр
  • 1 шай қасық тұз
  • 1 дана жұмыртқа
  • 150-200 гр. сары май
  • Күнжіт, дәмдеуіштер, пістелер

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен ұнды екі рет електен өткізіп алу керек. Себебі крекердің құрамына қамыр қопсытқыш қосылмайды. Сондықтан да ұнды екі рет елеген дұрыс. Ұнға тұз бен үккіштен өткізілген сары майды, сырды қосыңыз.
  2. Барлығын жақсылап араластырып, сүтті құйыңыз. Сүтті қажетінше қоса беруге болады. Жалпы 100 мл сүт жетеді. Қамырды жақсылап илеп, 4 бөлікке бөледі.
  3. Әрбір қамырды 1 мм жұқалықта жайып шығасыз. Содан соң форманы пайдаланып, төртбұрышты печеньелер кесіп шығыңыз.
  4. Табаға пергамент қағазын төсеп, крекерлерді қойып шығасыз. Бетіне жұмыртқа жағып, күнжіт себелеуге болады. Пешті 200 градусқа қойып, 12-15 минут бойы күлшелерді пісіресіз.
  5. Пісіп шыққан күлшелерді жайып суытасыз.
  6. Сосын дастарханға ұсына бересіз.


Ірімшік қосылған дәмді крекер

фото: i.ytimg.com

Қажетті өнімдер:

  • ½ шай қасық тұз
  • 4 ас қасық сары май
  • 200 гр. сыр
  • 300 гр. ұн
  • ¼ стақан кілегей
  • Тұз, бұрыш, күнжіт, мак.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сырды майда үккіштен өткізіп аламыз. Ал, пешті алдын ала 200 градусқа қойып қыздыру қажет. Содан соң ұн, тұз, сыр және сары майды жақсылап араластырасыз. Сонда жұмсақ қамыр шығуы тиіс.
  2. Қамырға енді кілегейді қосыңыз. Егер қамырдың басы бірікпей тұрса, қосымша кілегей қосуға болады.
  3. Қамырды 5-6 мм қалыңдықта жайып, арнайы кескіш құралмен төртбұрышты крекерлер жасаймыз.
  4. Крекерлерді противенге салып, шанышқымен тесіп шығасыз да, бетіне қара бұрыш, күнжіт немесе мак себесіз. Пешке салып, қызарта пісіріп ала бересіз.
  5. Крекерлер суыған соң дастарханға ұсына беруге болады.


Бал қосылған крекер

фото: rd.com

Қажетті өнімдер:

  • 190 гр. ұн
  • 20 гр. бал
  • 15 гр. өсімдік майы
  • 5 гр. ашытқы
  • 1 шай қасық тұз
  • 1 шай қасық теңіз тұзы
  • 1 шай қасық кептірілген сарымсақ
  • 110 мл су
  • 1 ас қасық күнжіт
  • 2 ас қасық пісте
  • 1 ас қасық паприка
  • 2 ас қасық асқабақ дәні

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұнды електен өткізіп, ашытқымен араластырыңыз. Сосын бал мен тұзды, өсімдік майын қосып, барлығын араластырасыз.
  2. Осы араласпаға су қосып, жұмсақ қамыр илеңіз. Қамырды сары майға аунатып, табаққа салыңыз да, сыртынан пакетпен жауып қойыңыз. 40 минуттай бөлме температурасында тұрсын.
  3. Қамырды екі бөлікке бөліп, жұқалап жаясыз. Сосын табаға арнайы қағазды төсеңіз.
  4. Қамырдың бетіне кисточкамен су жағып, оның бетіне паприка, тұз, пісте мен асқабақ дәндерін себелеп тастауға болады. Артынша қамырды төртбұрышты формада кесіп шығады.
  5. Дайын қамырларды противень табаға салып, пісіріп ала бересіз.
  6. Сонда өте дәмді крекер печеньелер де дайын болады.


Тез дайындалатын крекер

фото: julia-din.ru

Қажетті заттар:

  • 300 гр. ұн
  • 150 гр. сары май
  • 50 мл сүт
  • ¾ шай қасық тұз.

Дайындалу тәсілі:

  • Ең алдымен сары майды қатырып, үккіштен өткізесіз.
  • Ұнды табаққа салып, тұз қосыңыз. Сосын осы араласпаны үккіштен өткізілген сары маймен араластырасыз. Осы араласпаға сүт құйып, қамыр илейсіз.
  • Қамырды мұздатқышқа салып, бір сағаттай қалдырыңыз. Сосын мұздатылған қамырды 0,5 см қалыңдықта жаю керек. Содан соң печеньелерді түрлі формада кесіп, дайындайсыз.
  • Противень табаның бетіне пергамент қағазын төсеп, бетіне ұн себіңіз. Печеньелерді орналастырып, әрбір крекерді шанышқымен тесіп шығыңыз.
  • Пешті қыздырып, печеньелерді 15 минуттан пісіріп ала бересіз.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз: Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

«Спартак» торты