Қыс мезгілінде маринадталған қырыққабатты кез келген тағаммен қосып жей аласыз. Өте дәмді салатты дайындау тәсілі де қиын емес.
фото: img0.liveinternet.ru
Үй жағдайында жасалатын тұздалған қырыққабатты банкаларға салуға да, үлкен көлемдегі ыдыстарға салуға да болады. Жалпы өзіңізгеыңғайлысын таңдап ала аласыз.
фото: itd2.mycdn.me
Керектілер:
- 1 бас қырыққабат
- 1 дана сәбіз
- 3 тіс сарымсақ
- 1 ас қасық қант
- 2 ас қасық тұз
- 3 дана лавр жапырағы
- 3 литр су
- 1 ас қасық сірке су
- Ірі қара бұрыш.
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қырыққабатты ірілеп турап аламыз. Сәбізді үккіштен өткіземіз.
- Ал, сарымсақты майдалап тураймыз немесе арнайы ұнтақтағышты пайдаланған дұрыс.
- Енді ірілеп туралған қырыққабатты стерилденген үш литрлік банкаға саламыз. Барлық қырыққабатты бірден салуға болмайды. Біраз бөлігін салған соң бетіне үккіштен өткізілген сәбізден азырақ салу қажет. Ал, оның бетіне сарымсақты себелейсіз. Кейіннен осы қабатты қайталайсыз.
- Қайтадан қырыққабатты, сәбізді, сарымсақты салып, арасына лавр жапырағы мен қара бұрышты қосып, дайындап қоясыз.
- Енді қырыққабатты маринадтауға арналған қайнатпаны дайындайық. Ол үшін кастрөлге қажетті мөлшердегі суды құйып, қант пен тұзды қосамыз. Су қайнаған соң 1 ас қасық сірке суын қосасыз. Тағы бір қайнатып жіберіп, дайын маринадты банкаға құю керек. Қырыққабат салынған банканы осы қайнатпамен толтырасыз.
- Бірақ банканың қақпағын жабудың қажеті жоқ. Осылайша бөлме температурасында банканы 1 тәулікке қалдырады. Ертеңіне банканың қақпағын жауып тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Маринадталған қырыққабат қыс мезгіліне дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз: Крекер печеньесін үйде дайындауға болады