БАТА БЕРГЕНДЕ және АЛҒАНДА нені ұмытпау керек?

0
7 187

Батагөй қариялар да мұны естен шығармаған жөн


БАТА БЕРГЕНДЕ және АЛҒАНДА нені ұмытпау керек?


Бата берген кезде көбіміз ұмытып кететін бір жағдайды айтқым келіп тұр. Егер жасы үлкен адам батаны отырып берсе, бата алушы адам түрегеліп тұрғаны дұрыс. Егер батаны орнынан тұрып берсе, бата алушылар тізе бүгіп, батаны отырып алады. Яғни, батаны беруші де, алушы да бір жағдайда болмауы керек. Бата біткен соң, қазақтың өз сөзімен «әумин» деп бет сипаймыз.

Мұны көп адам ескере бермейтіні рас. Тіпті бірінші рет естіп отырғандарыңыз да бар шығар.

Мен де мұны бала кезімде, тіпті бұрын-соңды көрмегенмін. Соған қарағанда көпшілік мұндай ырымды ұстана бермейтін болып тұр ғой. Білмегендіктен солай шығар.


Ал мен сіздерге барған жерлеріңізде өздеріңіз ғана емес, өзгелерге ескерте жүрулеріңіз үшін батаның жылдам қабыл болуы үшін, құлаққа сіңімді, өмірге керекті кеңестерді ұғып алу үшін бата беруші мен алушының қандай жағдайда болуы керектігін айтайын.


Жасы үлкен, өмірден көргені мен түйгені мол, ақ сақалды атадан, ақ жаулықты анадан бата алғанды құп көретін, «жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дейтін халықпыз ғой.

Сондықтан, реті келсе мен де өмірлік тәжірибесі мол, айтары көп ақсақалдардан, ақ самайлы әжелерден бата алғанды қалап тұрамын. Сондай бір кісіден бата алудың сәті түсті.

Әдеттегідей, тізе бүгіп, атаның алдында отырып, бата сұрағанымызда «қолдарыңды жайыңдар» деді, біз де алақанымызды жайдық. Бірақ ол бізден мұны күтпеген секілді, бетімізге сәл кідіріп көз тастады да, «Орындарыңнан тұрыңдар! Мен бата бергенде түрегеп қол жайып, батамды қабыл алыңдар. Егер бата беруші түрегеп тұрған болса, онда отыра берулеріңе болады» деген еді.

фото: osken-onir.kz


Ол кезде ол кісі не десе де орындадық қой. Батасын алып қайттық. Бірақ тереңіне бойлап көрмеген екенбіз. Сөйтсем бата беруші мен алушының да өз әдебі болады екен, қазақтың салты бойынша.

Ал Құран оқылған жерде барлығы тізе бүгіп отырады, оның мәні мен жөні бөлек. Қазақтың салты өз жөнімен орныдалғаны дұрыс.

Мұны кейінгі ұрпаққа насихаттап айта жүрмесек, сол күйі ұмытылып кетпесіне ешкім де кепілдік бере алмайды.

НҰР Әлем,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КІНДІК ШЕШЕНІҢ міндеті қандай?


Ит ұлығанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?