Жаңа сервис рәсімді жеңілдету және оны заманауи талаптарға сай ұйымдастыру мақсатында әзірленген.
Фото: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айтқа орай қашықтан құрбан шалу рәсіміне тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Qurban Muftyat онлайн-платформасын іске қосты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жаңа сервис рәсімді жеңілдету және оны заманауи талаптарға сай ұйымдастыру мақсатында әзірленген.
Платформа пайдаланушыларға бірнеше ыңғайлы мүмкіндік ұсынады. Атап айтқанда, азаматтар құрбандыққа шалынатын мал түрін өз бетінше таңдай алады, сондай-ақ сайт арқылы қаражатты қауіпсіз түрде аудара алады.
Сонымен қатар, тапсырысты өз атынан да, өзгелердің – туыстарының немесе қайтыс болған жақындарының атынан да рәсімдеуге болады.
Жүйе тапсырыстың орындалу мәртебесін және құрбандық шалу процесін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.
Сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар Qurban Muftyat платформасындағы кері байланыс қызметі арқылы мамандардан көмек ала алады.


