«Қара мысық алдыңнан өтсе жолың болмайды» деген ырымның бүгінде маңыздылығы жоғалып, оған сенушілердің қатары да тым сиреп кетті десек қателеспеспіз.
фото: ru.pinterest.com
Осынау үй жануарын Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз да ерекше жақсы көрген. Тіпті, мысықты денеңе қойып ұйықтатсаң жүйке ауруларынан арылуға болады деген сенім де бар. Ендеше, мысық несімен ерекше?
Ғалымдар жуырда олардың бойындағы қасиеттерді зерттеп көрген екен. Ең алдымен үйінде мысық асыраған адамдардың денсаулығы өзгелердікімен салыстырғанда жақсырақ болады. Ал, егер үй жануарларына аллергияңыз болса мысық асыраудың қажеттілігі шамалы, ол сіздің денсаулығыңызды одан сайын ауырлата түседі дейді ғалымдар. Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді.
Сондай-ақ, мысық шаршағанды басып, күйзелістен арылуға көмектеседі. Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, үйдің атмосферасын тазартады екен. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал, ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Мысықтың мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың дыбысы жараның жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне де әсер етеді дейді ғалымдар.
Жалғыз тұратын жандар үшін мысық - таптырмас ермек, әрі серік. Мысық қожайынына қажет екенін сезсе, оған адал дос бола алады. Ал, сүйкімді мысықтың суретіне қарап отыру жүйкеге тыныштық сыйлайды. Егер мысық сіздің қай жеріңізге шығып жайғасса, сол жеріңіздің сыр бергені. Егер беліңізді айналсоқтаса, бүйрегіңіз ауырады. Мысық басыңызға жатса, ол гипертония немесе бас ауруының белгісі. Егер мысық сол жақ жауырынға немесе иыққа жатса, онда жүрегіңіздің жұмысы ауытқи бастаған деген сөз.
Тағы да айта кетейік, мысық адамның өзіне деген махаббатын, мейірімін сезсе ғана, емдеу ісіне кіріседі. Оны жақсы көріп сипасаңыз, біраз аурудан арыласыз. Мысықты емдеуге күштеп көндіру мүмкін емес. Өмір бойы үйінде мысық ұстаған адамдар мысық асырамайтын адамдарға қарағанда 10 жыл ұзақ өмір сүретіні ғылымда дәлелденген. Осы деректерді Baq.kz сайтынан оқи келе, мысық туралы тағы да бір қызық дерекпен таныстым.
фото: Pinterest
Осыдан біраз уақыт бұрын бір туысымыздың үйіне қонаққа бардық. Балалар улап-шулап ойнап жүр. Бір кезде кіші ұлым әлі көзі ашып үлгермеген мысықтың марғауын қолына ұстап келіпті. «Анашым, осы марғауды алып кетейікші» деп қиылып тұр. Мысықтары екі-үш күн бұрын ғана балалаған екен, анасынан айырмайық деп қана бас тартқан едік. Сөйтсек, жақын туысыңнан мысық алуға болмайтынын білдік.
Сол сәтте үй иесі «беріп жіберер едім, марғау көп біздің үйде. Тек қана туысқаннан мысық алып асырауға болмайды дегенді естіп едім» деп айтып қалды.
Өйткені, бұл арадағы қарым-қатынасты суытады, сыйластық пен бауырмалдылық жойылып, жақын адамдар бір-бірімен араз болып қалуы мүмкін екен.
Алғаш рет мұндай ырымды естіп отырмын. «Болмайды» десе, демек мұнда да бір астары бар шығар.
Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: