​14 күнде артық салмақтан арылтатын СУПЕР диета

0
163


​14 күнде артық салмақтан арылтатын СУПЕР диета

Маңызды ескерту: диетаны бастамас бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Оңтайлы нәтижеге жету үшін диетаны ұстанған кезде физикалық жағынан белсенді болыңыз.

Жылдам салмақ жоғалту - бұл формаға ие болғысы келетіндердің барлығының арманы. Көптеген диеталар осындай нәтиже береді деп ойлаймыз. Бірақ нәтижесінде ондай болмай шығады. Сол себепті бастысы - мақсатыңызға жетуге көмектесетінін таңдау керек.

Қайнатылған жұмыртқамен 14 күнде 11 келі салмақтан арылуға болады. Бұл диета артық салмағы бар көптеген адамдар арасында танымал болды. Сонымен қатар, жұмыртқа - бұл әр үйдегі аспаз үшін қолжетімді өнім. Дәл осы диетаны таңдағандар келесі нәтижелерге қол жеткізді: екі аптада 11 келіге арықтады. Бұдан бөлек, дененің метаболизмі қалыпқа келеді, бұл майдың ыдырауын тездетеді.


Диета барысында сізге не қажет болады?

Қажетті азық-түліктер өте қарапайым: қайнатылған жұмыртқа, цитрус жемістері және көкөністер. Ал ауыз су ішу міндетті болып табылады. Жақсы нәтиже алу үшін сұйықтықты көп ішу өте маңызды, өйткені ол детоксикация процесіне көмектеседі. Сұйықтықтың ұсынылатын мөлшері - күніне 8 стакан. Су сонымен қатар аштықты азайтады және денеге қуат береді. 2 апталық диета кезінде сіз тұз бен қантты тұтынуды шектеп, алкоголь мен газдалған сусындардан бас тартуыңыз керек.

Тезірек арықтап, сымбатын сымдай тартқысы келетіндерге арналған мәзір.

Назар аударыңыз: бұл диетадағы таңғы ас әрқашан екі апта бойы бірдей жүреді: екі қайнатылған жұмыртқа және грейпфрут немесе қалауыңызға қарай апельсин жеуге болады. Сондықтан төменде түскі және кешкі асқа арналған ұсыныстар берілген.


1-апта

Дүйсенбі

Түскі ас: Біраз жеміс және тұтас нанның кішкене тілімі.

Кешкі ас: көкөніс салаты және пісірілген тауық.

Сейсенбі

Түскі ас: көкөніс салаты және тауық етінің бір бөлігі (қайнатылған немесе буға пісірілген).

Кешкі ас: көкөністер, таңдауыңыз бойынша цитрус жемісі және 2 жұмыртқа. Сәрсенбі

Түскі ас: майы аз ірімшік, қызанақ және бір тілім тұтас нан.

Кешкі ас: көкөніс салаты және қайнатылған тауық еті.

Бейсенбі

Түскі ас: цитрус жемістері.

Кешкі ас: көкөніс салаты және қайнатылған немесе буға пісірілген тауық еті.

Жұма

Түскі ас: бұқтырылған көкөністер мен екі жұмыртқа.

Кешкі ас: қайнатылған балық және жеңіл көкөніс салаты.

Сенбі

Түскі ас: грейпфрут немесе апельсин.

Кешкі ас: көкөніс салаты және тауық еті.

Жексенбі

Түскі ас: қызанақ салаты, тауық еті.

Кешкі ас: көкөністер (жаңа піскен немесе бұқтырылған).


2-апта

Дүйсенбі

Түскі ас: салат және тауық еті.

Кешкі ас: апельсин, көкөніс салаты, бірнеше пісірілген жұмыртқа.

Сейсенбі

түскі ас: екі жұмыртқа және бұқтырылған көкөністер.

Кешкі ас: қайнатылған балық және жеңіл салат.

Сәрсенбі

Түскі ас: салат және пісірілген тауық еті.

Кешкі ас: көкөніс салаты, апельсин немесе грейпфрут, екі қайнатылған жұмыртқа.

Бейсенбі

Түскі ас: бір тілім майсыз ірімшік, бұқтырылған көкөністер, бірнеше пісірілген жұмыртқа.

Кешкі ас: салат және буға пісірілген тауық еті.

Жұма

Түскі ас: Балық қосылған салат.

Кешкі ас: жаңа піскен көкөністер, екі жұмыртқа.

Сенбі

Түскі ас: тауық еті мен көкөніс салаты.

Кешкі ас: цитрус жемісі.

Жексенбі

Түскі ас: буға пісірілген көкөністер мен қайнатылған тауық еті.

Кешкі ас: жаңа піскен көкөністер, екі жұмыртқа.



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


1500 калориядан құралған кето-диета


.