​1500 калориядан құралған кето-диета

0
169


​1500 калориядан құралған кето-диета
көрнекілік сурет: pinterest.com


Бұл диетаның басқа диеталардан айырмашылығы, кето-диета мәзірінде ақуыздарға қарағанда майлар көп болуы керек. Ал көмірсулардың көлемі күніне 50 гр болса жеткілікті. Мысалы, 50 гр. көмірсуды 3 стақан жидектен немесе көк көкөністерден ала аласыз. Диетаның жалпы ккалориясы - 1500-ді құрайды. Мұндай диетаны әсіресе қант диабетіне шалдыққандарға көптеп ұсынады екен. Дегенмен, салмақ жоғалту мақсатында да пайдаланатындар аз емес.

Диета кезінде: авокадо, жаңғақтар, өсімдік және сары май, кез-келген ет, тауық пен балық, тәттісі аз жемістерді жеуге болады.

Диета мәзіріне мыналарды мүлде қопаңыз: тәтті жемістер, көкөністерден – картоп, асқабақ, қызылша. Осы аталған көкөністер мен жемістер сіздің диетаңызды бұзып, арықтауға кедергі келтіруі мүмкін.


1 күндік диета мәзірі

Таңғы ас:

1 дана қайнатылған жұмыртқа + 1 сатақан көкөністерден дайындалған салат.

Тіскебасар: авокадо


Түскі ас:

Сиыр еті, ірімшік, грек жаңғағы қосылған салат, тауық сорпасы.


Кешкі ас:

Тауық еті қосылған голубцы.


Кето-диета артық салмақтан арылтып қана қоймай, денсаулықтың жақсаруына да әсері мол. Ендеше өте пайдалы диетаны бүгіннен бастап көріңіз. Шамаңыз қанша күнге жетсе, сонша күн ұстаңыз.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Рlus size қыздарға арналған күзгі топтама