​45 жастан кейін семірмеудің 5 амалы

0
2 695

Төмен калориялы әрі көмірсусыз диета кезінде нанның орнын басуға таптырмас азық – жаңғақ пен пісте.


​45 жастан кейін семірмеудің 5 амалы

Орта жасқа жеткен жандар денсаулығына көп көңіл бөлуі керек. Оның бір жолы – дұрыс тамақтанып, құрамында көмірсуы аз тағамдарды тұтыну болып табылады. Көмірсуы аз емдәм кезінде сіз көмірсуға бай тағамдарды азайтып, ақуызға толы ас мәзірін жасайсыз. Сонда ғана сіз салмақ тастап, сымбатыңызды арттыра аласыз. Дегенмен, 45 жастан асқандарға арықтаймын деп көмірсулы нан өнімдерін ас мәзірінен мүлде шығарып тастауға болмайды. Тым болмағанда нанның орнын басатын өнімдерді тамақтану рационына қосуды ұсынамыз. Ол қандай азық-түлік түрлері екен, білгіңіз келе ме?


Салат жапырақтары

Сіз күнделікті сэндвич немесе бутерброд жеп жүрген боларсыз. Мұндай фаст-фудтар нансыз жасалмайды. Осындайда нанның орнына салат жапырақтарын пайдалансаңыз болады. Мысалы, салат жапырақтарына сэндвичке арналған салманы орап жеуге болады. Нанға қарағанда салат жапырағында адам ағзасына өте қажетті әрі пайдалы заттар көп. Осылай денсаулығыңызды да нығайтып, фигураңызды да ретке келтіріп аласыз.


Жаңғақ және пісте

Төмен калориялы әрі көмірсусыз диета кезінде нанның орнын басуға таптырмас азық – жаңғақ пен пісте. Жаңғақта да, пістеде де дәрумендер, жасұнық, минералды заттар жетерлік. Бұл заттар қарынның тез ашпауына септігін тигізеді. Сондықтан да өз тамақтану рационыңызға бадам, грек және кешью жаңғақтарын қосыңыз.

Жаңғақтар мен пістені өз рационыңызға қосқыңыз келсе, салаттарға, тағамға ерекше дәм беру үшін пайдалансаңыз болады. Бірақ та калориясы жоғары болғандықтан да жаңғақ пен пістені шамадан асырмай жеген дұрыс.


Көкөністер


Кез келген дұрыс тамақтануды қолға алған адамның ас мәзірінде көкөністер болуы керек. Себебі көкөністерде ағзаға қажеттінің бәрі бар. Мысалы, саумалдық пен салат жапырағын пайдалануға болады. Сонымен қатар брокколи және гүлді қырыққабаттан сорпа немесе пісірме дайындасаңыз да артықтық етпейді. Бұдан бөлек, тамақтану рационында сәбіз бен қызылша міндетті түрде болуы керек дейді мамандар.


Смузилер

Смузиді таңғы асқа ішкен өте пайдалы. Смузи өте дәмді ғана емес, оның құрамы да бай екенін айта кету керек. А, С және Е дәрумендерімен қатар, ақуыз, антиоксиданттар мен пайдалы заттарды смузиден табуға болады.

Смузи дайындау үшін блендерге жеміс-жидектерді салып, сүт немесе йогурт қосып, араластырасыз. Басқа да өзіңізге ұнайтын жаңғақтарды, дәндерді қоссаңыз да болады.


Пайдалы батончиктер

Денсаулыққа пайдалы батончиктер нанның орнын басатын тағы бір тағам. Мұндай батончиктерде нәрлі заттар, ақуыз, пайдалы майлар бар. Бірақ та батончик аларда оның табиғи қоспалардан жасалғанына мән беріңіз. Кептірілген жемістер, жаңғақтар, пісте мен дәнді-дақылдардан дайындалған батончиктер нанның орнын басатынына сеніңіз. Тіпті, батончиктер тәттіге құмар жандардың да құмарын басатыны жасырын емес.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЧИАмен бір аптада 4 кг салмақ жоғалтасыз


"Семіртпейді" дейсіз бе? Бұларды көп ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ