Бүйректегі тасты ерітетін тағамдар

0
12 961

Несептас ауруы мазалап жүр ме? Ота жасатуға жүрексініп, қорқақтайсыз ба? Олай болса аурудың асқынуына жол бермеңіз. Бүйрекке тас байлану кезінде дәрігерлер диета ұстауға кеңес береді. Емдік диеталар бүйректегі тастың еруіне әсер етіп, қайта пайда болуына жол бермейді. Сондықтан да ауруды асқындырмай, мынадай дәмді тағамдарды әзірлеп жеген дұрыс.


Бүйректегі тасты ерітетін тағамдар

фото: razvitietela.ru

Несептас ауруы мазалап жүр ме? Ота жасатуға жүрексініп, қорқақтайсыз ба? Олай болса аурудың асқынуына жол бермеңіз. Бүйрекке тас байлану кезінде дәрігерлер диета ұстауға кеңес береді.

Емдік диеталар бүйректегі тастың еруіне әсер етіп, қайта пайда болуына жол бермейді. Сондықтан да ауруды асқындырмай, мынадай дәмді тағамдарды әзірлеп жеген дұрыс.


Диеталық қырыққабат сорпасы

Қажетті өнімдер:

  • Қырыққабат
  • 1 дана сәбіз
  • 1-2 бас пияз
  • 1 дана кәді
  • 1-2 дана шалқан (репа)
  • Тарна өсімдігі (брюква)
  • Кефир немесе простокваша
  • Аскөк.

Дайындалуы:

Барлық көкөністерді үккіштен өткізіңіз. Содан соң қазанға салып, салқын су құясыз. Қазанды отқа қойып қайнату керек. Көкөністер пісіп шыққанша қайнатасыз да, ыдысқа құйып іше бересіз. Сорпаға кефирді, аскөкті қосуды ұмытпаңыз.

Күріштен жасалған котлет

Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. тауық еті
  • 30 гр. күріш
  • Жұмыртқа.

Дайындалуы: Ең алдымен етті еттартқыштан өткізіп алыңыз. Ал, күрішті жартылай піскенше қайнатасыз. Сосын күріштің жартысын етпен бірге еттартқыштан өткізіп жіберуге болады. Дайын болған фаршты екіге бөліп, котлеттер жасап шығасыз.

Енді жұмыртқаны қайнатып, тураңыз. Туралған жұмыртқаны күріштің қалған жартысымен араластырып, жасалған котлеттердің ортасына салу керек. Сосын бәліш секілді орап, буға пісіріп ала бересіз. Яғни, манты қазанға салып пісіруге болады.

Асқабақ пен тары ботқасы

Қажетті өнімдер:

  • 1,5 стақан тары
  • 750 гр. асқабақ
  • Су.

Дайындалуы:

Асқабақтың қабығын аршып, суға салып қайнатады. 15 минуттан соң осы қайнатпаға тазалап жуылған тарыны салады. Тұз қосып, тағы 15-20 минут қайнатқан дұрыс. Дайын ботқаны оттан алып, жарты сағаттай, орап қою керек. Содан кейін ғана жеуге болады.

Есте сақтаңыз! Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар, бүйрекке тас байлану кезінде әзірлеп жеуге болатын тағамдар өте дәмді әрі пайдалы. Дегенмен, бұл тағамдармен емдәмге отырмас бұрын дәрігермен кеңесіп алған абзал. Сонымен қатар, дайын тағамдарды күніне 5-6 рет ішу ұсынылады. Қосымша көп мөлшерде су ішсеңіз емнің нәтижесін жақын күндерде байқайсыз. Ем болсын!

Құрманкүл Әти.

ERNUR.KZ

суреттер ашық дереккөзден алынды