Қабынуды не басады?
Қабыну (воспаление) - ағзаның жарақат, инфекция немесе стресс кезіндегі қорғаныс реакциясы. Созылмалы қабыну жүрек, буын, асқазан ауруларына алып келіп, иммунитетті төмендетеді. Қабыну кез-келген жағдайда орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, қабыну барлық ағзаға тән. Осыны естен шығармаңыз! Сүйектер қабынса, сырқырап, қақсап мазаны алады. Ішкі ағзалар қабына бастаса, ас қорыту нашарлап, өзіңді жайсыз сезінесің. Міне, өздеріңіз байқағандай қабынудың «жүрмейтін жері» жоқ. Ал қабынуды басудың немесе алдын алудың бірден-бір жолы - дұрыс тамақтану екені даусыз.
Диетологтар сүт өнімдерінің қабынуға қарсы қасиеттері барын айтқан екен. Алайда оларды құрамындағы қаныққан майдың әсерінен керісінше қабынуды арттырады деген түсінік бар. Созылмалы қабыну қант диабеті сияқты өмірге қауіп төндіретін ауруларға айналуы мүмкін деп бұл нәрсеге шынымен сенетіндер де жоқ емес. Дегенмен диета мен өмір салтын өзгерту қабынуды тоқтатуға және аурудың ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Сіздің тамақтану әдеттеріңіз қабынумен күресудің ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сүт өнімдері ежелден адам диетасының негізі болды. Кейбір зерттеулер сүт майларының денсаулыққа, әсіресе жүрек-тамыр жүйесіне оң әсер ететінін көрсетеді. Себебі сүт өнімдерінің құрамында қаьынуға қарсы тұратын: D дәрумені, кальций, антиоксиданттар және пробиотиктер бар.
Диетологтар ішекке пайдалы 4 сүт өнімін алға тартады.
Йогурт
Йогурт – бактериялық дақылдармен ашыту арқылы жасалған ішекке пайдалы тағам. Дүкендерде йогурт сорттарының алуан түрі бар, гректен исландиялыққа дейін. Йогурт құрамында: кальций, D, B12 дәрумендері, мырыш, фосфор, магний бар. Пробиотиктер сүт өнімдерінің антиоксиданттық күйін айтарлықтай жақсартады, сондықтан йогурт қабынумен күресуде тиімді. Сонымен қатар, пробиотикалық йогуртты күнделікті тұтынуға тағы бір дәлел - ол C-реактивті ақуызын (CRP) төмендетеді.
Кефир
Оның ашытылуы кезінде амин қышқылдары, витаминдер және минералдар сияқты көптеген биоактивті қосылыстар пайда болады. Бір стақан айран D дәруменінің тәуліктік құнының 16% және А витаминінің күнделікті құнының 50% дерлік қамтамасыз етеді. Бұл дәрумендердің жетіспеушілігі иммунитетке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, сүт қышқылы, оның құрамындағы дәрумендер ішектің шырышты қабатындағы зиянды қоздырғыштармен күресуге көмектеседі.
Сүзбе
Сүзбе де басқа сүт өнімдері секілді ішекке пробиотиктерді жеткізеді, пайдалы бактериялардың өсуіне ықпал етеді.
Көп сақталған ірімшіктер (выдержанный сыр)
Мұндай ірімшіктер ас қорыту жүйесіне пайдалы және әдетте шикі және пісірілмеген кезде пробиотиктердің қайнар көзі болып табылады. Дегенмен, ірімшікті қалыпты мөлшерде тұтыну керек, өйткені оның калориясы мен тұзы жоғары.
Есте сақтаңыз! Жоғарыда аталған сүт өнімдерін сиыр сүтіне аллергиясы барларға, лактозаға төзбеушілігі немесе ас қорыту жүйесінде проблемалары бар адамдарға дәрігерден кеңес алғаннан кейін тұтынған дұрыс. қабынуға ықпал етуі мүмкін.
Қабыну кезінде мына диетаны ұстаңыз
Күн суытып, ауа-райы бұзылған кезде адамдардың көбі дененің аурсыну, сүйектердің сырқырауы сияқты жмазасыздықты басынан өткізеді. Әрине денсаулық сыр бергенде бірінші болып дәрігердің қабылдауына жазыламыз. Дегенмен дәрі-дәрмекке жұгінбес бұрын денсаулыққа пайдалы, ас қорытуды жақсартып, қабынуды басатын мына диетаны ұстауға кеңес береміз.
1-күн
Таңғы ас:
- Грек йогурты (1 стакан) + 2 ас қасық зәйтүн майы + ½ стақан жидек (клубника/көкжидек)
- 1 ас қасық чиа тұқымы
Түскі ас:
- Қызыл балық (лосось) 150 гр (гриль)
- Қоңыр күріш ½ тәрелке
- Брокколи буға пісірілген + зәйтүн майы
Тіскебасар:
- 1 алма + 10 бадам жаңғағы
Кешкі ас:
- Түрлі-түсті көкөніс салаты (қызыл бұрыш, сәбіз, қызанақ) + 2 ас қасық зәйтүн майы
- азырақ көкөніс салаты.
2-күн
Таңғы ас:
- Сұлы ботқасы (суда) + 1 банан + 1 ас қасық зімбір ұнтағы
- 1 шай қасық куркума қосылған кофе (немесе сүтсіз шай)
Түскі ас:
- Тауық тың төс еті (буға пісірілген) 150 гр
- Қара бұршақ ½ тәрелке
- Саумалдық салаты (зәйтүн майы, лимон шырыны)
Тіскебасар:
- 1 стақан кефир + 1 ас қасық жаңғақ.
Кешкі ас:
- Көк бұршақ сорпасы (қою емес)
- 1 тілім қара нан (толық дән)
3-күн
Таңғы ас:
- 2 жұмыртқа (омлет) + ½ авокадо
- Көк шай (имбирь қосылған)
Түскі ас:
- Тауық еті (150 гр)
- Қуырылған тәтті картоп
- Сәбіз-қызылша салаты (зәйтүн майы)
Тіскебасар:
- 1 апельсин + 15 гр. бадам
Кешкі ас:
- Көк бұршақ, цуккини, болгар бұрышы қосылған қуырылған күріш (аз көлемде)
- 1 ас қасық зәйтүн майы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Салмақ жоғалтуға арналған ЕҢ КЕРЕМЕТ 5 қосымша


