ЖАЗДЫҚ СУСЫН: ​ДТ мохито мәзірі

0
205

Диетада жүргендерге арналған сусын.


ЖАЗДЫҚ СУСЫН: ​ДТ мохито мәзірі


Аптап ыстықта салқын су ішкің келеді да тұрады. Бірақ диетада жүргендер қайтеді? Сіздің де мұндай мохитодан дәм татуыңызға болады. Себебі қоспаларын пайдалы жемістерден жасап, бал қоссаңыз болғаны. Бастысы, ДТ (дұрыс тамақтану) мәзірінен алыстамаған жөн.


Лайм мен лимон сусыны

Қажетті қоспалар:

  • 2 дана лимон
  • 2 дана лайм
  • 30 гр. жалбыз
  • 1 л минералды су

Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен лайм мен лимонды дөңгелектеп турап алыңыз. Сосын арнайы шырын құюға арналған ыдысқа салып, жалбызды қосыңыз да, жайлап қасықпен езіңіз.

Дәміне қарай бал немесе тәттілендіргіш қосып, минералды суды құйыңыз. Осылай мохито біраз уақыт тұруы керек. Кейіннен іше беруге болады.


Құлпынай мен лайм сусыны

Қажетті қоспалар:

  • 2-3 ас қасық бал немесе қант алмастырғыш
  • 2-3 тал жалбыз
  • 10-12 дана құлпынай
  • ½ бөлік лимон
  • Мұз бен 1 л су қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жемістердің барлығын тазалап жуып алыңыз.
  2. Жалбыз бен қантты бір ыдысқа салып, езбе жасайсыз.
  3. Құлпынайдың жартысын езіп, жартысын тураңыз. Содан соң арнайы шырын құйғышқа барлығын салып, жарты лимонның шырынын қосасыз.
  4. Жалбыз езбесін де қосуды ұмытпаңыз.
  5. Мұз бен минералды суды құйып, жақсылап араластырыңыз. Енді біраз күтесіз. Жемістердің дәмі суға сіңіп, түсі де әдемі болған кезде сусынды іше беруге болады.



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сыра – семіздікке себеп болатын сусын