​Сыра – семіздікке себеп болатын сусын

0
227

Жазда арықтағыңыз келсе ішімдіктен аулақ болыңыз!


​Сыра – семіздікке себеп болатын сусын


Бұл туралы шетелдік эндокринолог дәрігерлер айтып, дабыл қағуда! Егер сіз де арықтай алмай жүрген болсаңыз, дәрігерлер ұсынған мына кеңестерге құлақ түріңіз!

Тамақты көп шайнау арқылы оның көлемін азайтуға болады. Яғни, мұндай жағдайда сіз көп тамақтанып, артық жеп қоймайсыз деген сөз. Ал керісініше тағамды аз шайнайтын болсаңыз, бұл асқазан жұмысын бұзып, семіруге сеп болады. Ендеше эндокринологтар ұсынған кеңестерге кезек берсек!

Ең біріншіден, киім сатып аларда оның размеріне көңіл бөліңіз. Егер өзіңізге бір размер тар киім алсаңыз, онда арықтау үшін және осы киімді кию үшін барыңызды саласыз. Тәтті, дәмді тағамдардан бас тартып, калорияны азайтуыңыз мүмкін.

Тағамды жегеннен кейін немесе жеуден алдын өзіңізге есеп беріңіз. Тіпті, барлығын күнделікке жазып жүріп, бір аптада бір рет есеп жасауға болады. Сонда өзіңіздің қай тағамды көп жейтініңізді, сізге қайсысынан бас тарту керектігін түсінесіз.

Түнге қарай тамақ жемеу керек. Кешкі тамақты ішкеннен кейін 3 сағаттан соң ұйықтап қалған дұрыс. Егер одан көп уақыт ояу жүретін болсаңыз, тамақ іздей бастайсыз. Бұл барлық адамға тән қасиет. Нәпсіңізді тыя алмай, түнде де тамақтанып қоюыңыз әбден мүмкін.

Жиі-жиі әрі көбірек су ішу маңызды. Егер тамақтанбас бұрын таза су ішіп алатын болсаңыз, көп тамақ жемеуге сеп болады. Сондықтан да көп су ішкеннің ешқандай зияны жоқ.

Таңғы асты тастама! Таңертеңгі астың соншалықты маңызды екені бірнеше рет дәлелденген. Себебі таңғы ас ішпеген адам түскі және кешкі ас уақытында бұрынғыдан да ашқарақтыққа салынып, көп тамақтанып қояды екен. Сол себепті де диетологтар таңғы ас ішу маңызды деп санайды.

Әрбір тағамның құрамына мән беріңіз! Мысалы, ақуыз, жасұнық сияқты қоспалардың әрбір ас мәзірінде болуын қадағалағаныңыз дұрыс. Ал жемістер мен құрамында қанты бар көкөністерді күннің екінші жартысында жеу керек.

Кешкі уақытта тәтті жеуге кеңес бермейміз! Дәл осы қағиданы ұстанатын болсаңыз, сымбатыңыз да бұзылмай, керісінше деніңіз сау болады. Сонымен қатар ми жұмысы жақсарып, есте сақтау қабілетіңіз арта түседі.

Алькогольді ішімдіктерді ішуден аулақ болыңыз. Спиртті ішімдіктер тәбетті ашатындықтан, мұндай сусындардан бас тартқан дұрыс. Әсіресе сыра – семіздікке сеп сусын екенін естен шығармаңыз. Көп қыз-келіншектер сыра ішу арқылы артық салмақ жинау мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей алкогольді ішімдіктер тәбетті одан сайын аша түседі. Ал сізге семіздіктен арылу үшін тәбеттің ашылғаны емес, тартылғаны керек емес пе?! Алда-жалда ішпесем болмайды дейтін болсаңыз, ең болмағанда сыраны тіскебасарсыз ішуге тырысыңыз. Мұның өзі көп калория қабылдамаудың бір жолы.

23:00-ге дейін ұйықтап қалыңыз. Бұл нәрсені де әдетке айналдыратын болсаңыз, сымбатыңыздың сымдай тартылуына әсер ете аласыз. Өзіңіз байқағандай, арықтау үшін ұйқы мен тамақтанудың дұрыстығы басты назарда болу керек. Барлығы бір-бірімен үйлесім тауып, реттеле бастаса, денеңіздің бұл өзгерісті қабылдап, сіздің дегеніңізге көне бастайды. Яғни, барлығы өзіңізге байланысты. Сымбатты болу да, тартымссыз болу да өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жалбыз шайы – арықтауға көмектеседі