ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ мазаласа ТІЗЕҢІЗДІ бүгіңіз

0
7 374

Адам денсаулығы үшін дұрыс және тыныш ұйқы қажет. Себебі біздің ағзамыз ұйықтаған кезде күні бойғы жұмсаған күшін толтырады.


ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ мазаласа ТІЗЕҢІЗДІ бүгіңіз

Фото: twitter.com

Ұйқысыздық немесе ұйқының қашуы – маңызды мәселе. Ұйқыны қандыра алмау, уақытында ұйықтай алмау, сондай-ақ ерте оянып кету, содан соң қайтадан көз ілдіре алмау сияқты қиындықтар адамның денсаулығына ғана емес, мінез-құлқыныа да кері әсерін тигізеді. Ұйқысы қанбаған адамдар жұмыста да, үйде де үнемі шаршап жүреді, тіпті жүйкесі де сыр беруі мүкін. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды.


Ұйықтау үшін дәрі ішетін жандар да бар. Бірақ біз сізге бұдан басқа әдісті ұсынамыз. Жылдар бойы сыналған, ең қолайлы әдіс - ұйықтар алдында тізені бүгіп жату.


Фото: realfarmacy.com

Мамандардың дерегі бойынша, төсекте тізесін бүгіп жатқан адамдардың 63 пайызы тез ұйқыға кетіп әрі тыныш ұйықтайды екен. Мұның себебі де жоқ емес, өйткені, тізені бүгіп, бір бүйірлеп жату - ұйқтар алдында адамның бойын босаңсытады. Осылай жатқанда тырысқан бұлшықеттер босаңсып, ағза ұйқыға дайындалады.

Кез келген адам, ол мейлі ер, мейлі әйел болсын, тіпті жастарына қарамастан бәрі бұл әдісті ұнататады. Мамандар мұны адамның күні бойы тік жүрумен түсіндіреді. Тік жүру кезінде денедегі барлық бұлшықеттерге күш түседі. Күні бойы жұмыс істегенде адамдардың омыртқасы, мойын мен бөксесі, аяғы да қоса қимылдайды. Шаршаған денені босаңсынту үшін бір бүйірлеп, тізені бүгіп жату керек. Мұндай күйде ұйықтау пайдалы әрі өте қолайлы.

Иілген күйде кейбір бұлшықеттер жұмыс істей береді, ал кейбірі тынығады. Тізені бүккенен 20 минуттан соң-ақ сіз бұлшықеттердің босаңсып, күні бойы денеңізге түскен күштің бірте-бірте азая түскенін сезінесіз.

Сонымен қатар, осы қалыпта ұйықтаған кезде адам бірқалыпты әрі жайлы тыныс алады. Ас қорыту жүйесінің жұмысын да қалыпқа түсіріп, ішкі ағзаларға массаж жасалынады.

Егер сізге дәрігерлер омыртқаңызды созу керектігін айтса, осы қалыпта ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Кез келген ағза өз қызметін мүлтіксіз атқарғанмен үнемі қан айналымды қажет етеді. Бір бүйірлеп, тізені бүгіп жату арқылы қан айналымның жақсаруына да әсер ете аласыз.

Күнделікті өмірімізде орын алатын қиындықтар біздің жүйкемізге әсер етіп, көңіл-күйімізді түсіріп жатады. Ал қарбалас өмірден шашаршаға жанымыз бен тәнімізге тыныш ұйқы қажет. Түрлі ойлармен "алысқан" миымыз да қолдауға зәру. Әрине, осының бәрінің шешімі - бір бүйірмен ұйықтау.

Егер сізді біраздан бері ұйқысыздық мазалап жүрсе, онда бір бүйірмен, тізені бүгіп жатуды әдетке айналдырыңыз. Осылай күнделікті қайталау арқылы ұйқыңыз қалыпқа түсіп, уақытында ұйықтайтын боласыз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қиын ЖАТТЫҒУ мен ДИЕТАСЫЗ-ақ оңай АРЫҚТАУҒА болады


ТЕСТ: Шын жасыңыз қаншада?