Android-тың жаңа жүйесі адамдардың ЖАҒДАЙДЫН ЖАСАП ҚОЙҒАН

0
5 263

Жаңа жүйе әлеуметтік желілерді де дыбыспен басқаруға мүмкіндік береді.


Android-тың жаңа жүйесі адамдардың ЖАҒДАЙДЫН ЖАСАП ҚОЙҒАН

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы Android 11 операциялық жүйесі іске қосылып, сол жүйемен жұмыс істейтін ұялы телефондар сатылымға шықты. Бұл Android-тың ең соңғы әрі жаңа жүйесі. Жаңа жүйені оныншы нұсқамен ұқсастыруға болады, бірақ жаңартуды жүктеген кезде көптеген айырмашылықтарды байқайсыз. «Олар қандай ерекшеліктер?» дейтін болсаңыз, сауалдың жауабын осы мақаладан оқып біле аласыз.



Хабарлау жүйесі жақсарған

Android 10 жүйесінде хабарлау, ескертулердің барлығы экранның жоғарғы немесе төменгі жағына орналастырылатын. Ал, Android 11-де ескертулердің жаңа санаттарын көре аласыз. Олар – диалогтар, ескертулер және дыбыссыз режимдегі хабарлар. "Диалогтар" санатына кез-келген қосымшаның барлық чаттары мен хабарламалары кіреді. Сондай-ақ, маңызды чаттарды, ескертулерді көрінетін етіп, қажетсізін мазаламайтын дыбыссыз режимге қойып қоюға болады. Яғни, Android 11 жүйесі тұтынушының хабарландыруларды тиімді басқара алуына мүмкіндік береді.


Хабарламалар тарихы

Біз кейде смартфонға келетін кейбір қажетті хабарларды байқамай өшіріп алып, маңызды нәрсені жоғалтып жатамыз. Біраз уақыт бойы оны іздеп тапқанда оның маңыздылығы жойылып кетуі де мүмкін. Дегенмен, Android 11 жүйесі бұл кемшілікті түзеді. Яғни, «хабарламалар тарихы» деп аталатын функция бір тәулік ішіндегі ескертулер тарихын толықтай сақтап тұрады.


Бұл функция телефонды сатып алған кезде қосылып тұрмайды. Оны «Параметрлер > бағдарламалар мен хабарландырулар> хабарландырулар > хабарландыру тарихы» сызбасы бойынша бөлім ішінен қоса алассыз. Сондан кейін функция өз қызметін атқаратын болады. Функция жұмыс істемей тұрғанда ол хабарландыруларды сақтамайтынын және сіз оларды тарихтан таба алмайтындығыңызды білген дұрыс.


Android 11 экранды бейнетаспаға жазады

Google Play-де смартфон экранын видеоға жазуға арналған көптеген бағдарламалар бар. Өз кезегінде, Android 11-дің де дәл осы қызметті атқаратын Screen Record Start қосымшасы пайда болды. Дегенмен, қосымшаны жаңа жүйеге жүктеп енгізудің керегі жоқ. Себебі бұл функцияны жылдам параметрлер бөлімінен табуға болады. Экранды видеоға жазатын кезде бірнеше нұсқа ұсынатыны тағы бар. Мысалы, сізде бейнені немесе дыбысты ғана жазу мүмкіндігі болады.



«Ақылды үй» құрылғыларын басқару

Қазір адамдар өмірлерін жеңілдету үшін үйге арналған ақылды құрылғыларды сатып алады. Енді Android 11 жүйесінің көмегімен сол құрылғылардың жұмысын оңай үйлестіруге болады. Ол үшін арнайы қосымшаның да керегі жоқ. Қуат түймесін басып тұрсаңыз сізге қажетті құрылғылардың тізімі шығады. Ол тізімнің ішіне негізгі алты құрылғы енгізіледі. Бірақ, баптаулар бөліміне кіріп тізімді өзіңізге қолайлы етіп құра аласыз.


Тәулік мезгіліне ыңғайланатын режим

Android 10 операциялық жүйесі шыққан кезде қараңғы режим функциясы пайда болған. Оны пайдаланушы күннің уақытына байланысты өздігінен өзгерте алатын. Енді әзірлеушілер Android 11 жүйесін жасау арқылы осы функцияның мүмкіндіктерін жаңартып отыр. Яғни, жаңа қызмет экранның қараңғы немесе жарық болуын тәуліктің мезгіліне байланысты автоматты түрде өзгертіпотырады.


Сымсыз Android Auto

Android Auto көптеген адамдар үшін өте пайдалы функция. Алайда, бұл жүйеге тек Google Pixel интернет байланысы арқылы қосыла алатын. Қазір бәрі басқаша. Енді барлық Android 11 жүйесімен жабдықталған смартфонды пайдаланушылар Android Auto-ға қосыла алады. Бірақ, кішкене шектеулер бар, яғни сіздің машинаңыз да бұл мүмкіндікті қолдай алуы керек. Көлікті бұрын сатып алған адамдар оны пайдалануда қиындықтарға тап болуы мүмкін.


"Дауыстық қолжетімділік" функциясын жақсарту

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Android-те арнайы «дауыстық қолжетімділік" функциясы қарастырылған. Ол арқылы сіз смартфонды дауыспен басқара аласыз. Ал, Android 11-де бұл мүмкіндік одан да кеңейе түсті. Атап айтсақ, жаңа жүйе әлеуметтік желілерді де дыбыспен басқаруға мүмкіндік береді. Бұл тағы бір рет Google-дың мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесіне жауапкершілікпен қарайтынын аңғартты.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2022 жылдың ЕҢ ҮЗДІК смартфондары


АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ! Ғаламтордағы "ұрылардан" ҚОРҒАНУ ТӘСІЛДЕРІ