ЕСКІ ұялы телефонды өте қымбатқа САТЫП АЛУЫ мүмкін

0
1 126

«Құр сандырақ» десеңіз, қателесесіз...


ЕСКІ ұялы телефонды өте қымбатқа САТЫП АЛУЫ мүмкін

Үйде бұзылған, нашар жұмыс істейтін, ұсталмай жатқан ескі ұялы теелфондар бар ма?

Ендеше, оларды сақтауды жалғастыра беріңіз. Сәті келгенде өте қымбат бағаға сатуыңыз мүмкін. Кей көне модельдердің құны 15 мың еуроға дейін жетеді.


Кейбір ескі телефон үлгілері коллектор нарығында өте жоғары бағалануда. Құны 15 000 еуродан асатындары да бар. Бағалы модельдер классикалық және бірегей арнайы шығарылымдарды қамтиды. Мәселен:

  • Mobira Senator (1982 ж.): салмағы 10 келі болатын алғашқы қалта телефоны. Қазіргі құны – 2272 еуро.
  • Nokia 8110i (Matrix-Slider): онлайн аукциондағы бағасы 190 еуродан басталады.
  • Nokia 8800 Arte (2008 ж.): сыртқы корпусы алтын, титан не карбоннан жасалған эксклюзивті үлгі. Қазіргі уақытта 2499 еуроға бағаланған.
  • Nokia 8800 Sirocco (2007 ж.): элегантная версия Nokia 8800-дің элегантты нұсқасы. Бағасы 2599 еуро шамасында.
  • Motorola DynaTAC 8000X (1983 ж.): алғашқы коммерсиялық ұялы телефон. Бүгінгі күні шамамен 11 800 еуроға бағаланып тұр.
  • Apple iPhone 2G (2007 ж.): 4 ГБ жадысы бар алғашқы iPhone құрылғысы. Коллекционерлер 15 979 еуроға бағалап тұр.
  • Nokia 3310 (2017 ж.): өзінің оригинал қаптамасымен болса, 70 еуроға сатып алушылар табылады.

Сізде тізімде көрсетілген құрылғылардың ешқайсысы болмаса, ештеңе етпейді. Бұл тізім – ұялы құрылғылардың кей үлгілері уақыт өте келе үлкен құндылыққа айналуы мүмкін екенінің айғағы. Дәл қазір керексіз боп жатқан не қолыңыздағы смартфон келешекте қазынаға айналуы әбден мүмкін екенінің көрсеткіші.

«Құр сандырақ, ескі құрылғы кімге керек болуы мүмкін?» десеңіз, қателесесіз. Мәселен, Михаил Учитель есімді орыс азаматы өзінің коллекциясында 136 телефон барын айтады.

«Коллекционер үшін телефонда жұмыс істемейтін тетік неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты» деген Михаил бірдей үлгідегі бұзылған ұялы телефондарды жинақтап, жөндеп, жұмыс істейтін етіп шығару үшін уақыты мен көз майын аямайтын көрінеді. «Менің қолыма өндіріс үлгісі мен прототипі қатар түссе, екеуін мұқият салыстырып, айырмашылықтарын, түзетулерін таппайынша тынышталмаймын» депті сұхбатында.

Михаилдың коллекциясындағы титан корпусты Nokia 8910i Ресейде 90 мың рубльге бағаланған. Ал 1996 жылы шыққан, салмағы 2 келі болатын Nokia 720 заманында қылмыс әлеміндегі беделді тұлғалар арасында танымал болған көрінеді.

«Мен көбінесе eBay арқылы сатып аламын. Nokia 6108 сияқты Қытай нарығына арналған телефондарды Taobao сайтынан сатып аламын. Соңғы рет 2000 рубльге 300 телефон алдым. Бірнеше күн отырдым, бәрін жөндедім, бірнеше телефоннан біреуін жинадым және оны сәтті сатып, 20 000 рубль таптым. Егер бүкіл коллекциямды сатар болсам, 350 мың рубльге бағалар едім. Бірақ, менің мақсатым сатып пайда табу емес, көне ұялы телефондар мұражайын ашқым келеді» дейді М. Учитель.

2023 жылы Румыния азаматы Андрей Билби Арджентистің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Қандай еңбегімен дейсіз ғой? Дәл осы ұялы құрылғылар коллекциясын жинаумен. Оның жинағында 3456 ұялы құрылғы «бас қосқан». Андрейдің айтуынша, қолда бар құрылғылар бұдан да көп, тек санау барысында қайталанған бірдей ұялы телефондар санаққа алынбаған.

Дәл қазіргі уақытта Андрейдің көрсеткішін басып озған коллекционер бар. Әлемдегі ұялы телефон жинаушылардың көшін испандық Венсес Палау Фернандес бастап тұр. Қызығушылығы 1990 жылдары басталған ол осы уақытқа дейін 3615 ұялы құрылғының басын құрапты.

«Менің коллекциямда Nokia-ның нарыққа шығарған барлық телефондары бар, сонымен қатар ешқашан жаппай қолданысқа жетпеген барлық прототиптері бар.Менің қазіргі коллекциям – табандылық пен көп қаржылық инвестицияның нәтижесі» деп мақтанады Венес.

Аударған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Аз күнде АЙФОНның бұғатын ЖҮРЕКПЕН шешетін боламыз