Жаңа жыл жақындап қалды, бұл дегеніміз – біздің мерекені қай жерде және кіммен өткізетінініміз, қандай дәм дайындайтынымыз және ең бастысы достарға, жақындарына не сыйлайтынымыз жайлы ойлануымыз. Бүгін біз сіздерге қызықты ойлар ұсынамыз. Әрине, ол гаджеттерге байланысты болмақ.
көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден
Атап кетейік, біздің тізімге смартфондар, планшеттер және флешкалар сияқты сыйлықтар енген жоқ. Өйткені, ондай сыйлық жасауды кез келген адам біледі. Дегенмен, жаңа iPhone X әрбір шыршаның астында тұрса, біреуге жақпай қалуы мүмкін емес. Сонымен, ерекше сыйлықтар төмендегідей болмақ.
1. Қуаттағыш батарея
Қазіргі заманғы техниканың ең қолайсыз жағдайы – әп сәтте қуатының таусылып қалуы. Ал, мына батарея қуат көзінен алыс жерде қуат қорын оңай толтыруға мүмкіндік береді. Батареяның көлемі оның сыйымдылығына байланысты, бірақ жалпы алғанда, бұл сөмкеге немесе қалтаға салып жүруге ыңғайлы ықшам құрылғылар. Мұндай сыйлық тартымды болады және нағыз керек зат.
2. Электронды кітап
Оқып-білу маңызды болғандықтан, қағаз кітаптардың орнына электронды кітаптар көптеп өндірілуде. Салмағы 100 грамнан сәл асатын бір гаджет көптеген томды кітапхананы ішіне сыйдыра алады. Оның жадына көркем, ғылыми, техникалық әдебиеттерді және білім беру әдебиеттерін сақтауға болады. Сондай-ақ, электрондық кітаптардың экранынан оқу әдеттегі қағаз кітаптан оқығандағыдай әсер етеді. Сонымен қатар, бұндай кітапты пайдалану, басқару өте оңай, тіпті егде адамдар үшін де.
3. Фитнес-білезік
Егер сіз салауатты және белсенді өмір салтын ұстанатын спортшыға немесе спортқа жақын адам үшін сыйлық іздесеңіз, онда фитнес білезіктерді таңдаңыз. Қзаір лоардың таралымы өте кең. Олар аздаған грамм салмағы бар, жүру немесе жүгіруге жұмсалған қадамдарды үлкен дәлдікпен санауға, ұйқы фазасын анықтауға және келген хабарламаны көрсетуге қабілетті. Сондай-ақ, кейбір озық және қымбат үлгілері GPS-модульдермен және басқа да ерекше қызметтермен жабдықталған, іс жүзінде ақылды сағаттарға айналады.
4. Гироскутер
Гироскутерлер «кішкентай көлік» және «сәнді ойыншық» деп аталады. Ал, оларды пайдалану барлық адамдар үшін ыңғайлы. Гироскутерде теңдікті ұстап үйрену ұзақ уақыт алмайды. Олармен қыста – сауда орталықтарында, ал жазда – саябақтар мен көшелерде жүруге болады. Айта кетейік, Сіз алған гироскутерлердің дөңгелегі үлкен болған сайын, қызметі де арта түседі.
5. Ауа ылғалдағышы
Жаңа жылға арналған сыйлық пайдалы болуы тиіс. Сол пайдалы заттың бірі – ауаны ылғалдаушы. Себебі, қыста жылытқыштар ауаны кептіріп жібереді, ал ылғалдың жетіспеушілігінен жиһаз бен өсімдіктер, тіпті біздің теріміз зардап шегеді, ал құрғаған тері инфекциялар үшін әлсіз кедергі болады.
6. Экшн-камера
Алақанда ұстауға ыңғайлы ықшам экшн-камералар экстремалды суреттер түсіруге арналған. Олар көп жерде арзанырақ тұрады және түсірілім сапасын керемет деуге болады. Сонымен қатар, оларды серуенге немесе саяхатқа шыққанда, шомылғанда, парашютпен секіргенде пайдалануға болады.
7. Сымсыз құлаққаптар
Сымсыз құлаққаптар – белсенді адамдарға арналған керемет сыйлық. Өткені, сымсыз құллаққабы барлар жаттығуда немесе серуендеу кезінде сымдармен алысып әуре болмайды.
8. Кофеқайнатқыш
Кофеге құмар жандар таңертеңгі хош иісті және қуат сыйлайтын сусынды дайындайтын шағын кофеханадан бас тартуы мүмкін емес. Бұл кофе дайындайтын құрылғы қымбаттаған сайын, қызметі де жағымды бола береді.
9. Робот-шаңсорғыш
Қазір қарапайым шаңсорғыш көптеген үйлерде бар, ал робот-шаңсорғыш олардан әлдеқайда пайдалы. Өйткені, бұл робот өзі сырғанап жүріп үйді тазалай алады. Әдеттегі шаңсорғышпен аптасына бір немесе екі рет тазалауға уақыт болатын болса, бұл шаңсорғышқа сіздің уақытыңыздың керегі жоқ, қосып қойып басқа тірлікті бітіре бересіз.
10. Ойын құрылғысы
Бұл тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қуанышты болары сөзсіз. Бірақ, тек қана бос уақытта қолданған дұрыс!!!
Ең бастысы Сіз сыйлық беретін адамның нені ұнататынына және алған сыйлықтың қаншалықты пайдалы екеніне назар аударыңыз!
Дайындаған: Б: Ерман,
Тағы да оқыңыз:
Ана мен балаға арналған өте пайдалы гаджеттер
Асүй шаруасын жеңілдетуге арналған гаджеттер
Құлаққаптың сіз білмейтін қауіптері