Жарықдиодты шамдар ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

0
3 116

Әсіресе көзге тигізетін зияны көп.


Жарықдиодты шамдар ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Жарықдиодты шамдардың пайда болғанына біршама уақыт өтті. Осы кезеңде көптеген тұтынушыларын тапты да. Ал, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарықдиодты шамдарды қолдану адам денсаулығына, атап айтқанда көру қабілетіне теріс әсер ететіндігі туралы мақалалар жарияланып жатыр.


Шындық қандай?

Жарықтың адам ағзасына әсер ететініне күмән жоқ. Мәселен, кей адамдар жарықтың әсерінен күзде және қыста өздерін нашар сезінсе, енді біреулері тіпті маусымдық депрессияға ұшырайды. Сарапшылардың пікірінше, денсаулықты нығайту үшін ашық ауада немесе табиғи жарықтандырылған бөлмеде бір күн бойы немесе кем дегенде бірнеше сағат болу пайдалы. Бірақ, бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Тиісінше, жасанды жарықтандыруды қолдану қажеттілігі бар. Ал, қазір кеңселерді, өндіріс орындарын, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру үшін жарықдиодты технология кеңінен қолданылады. Себебі, бұл технология тұтынылатын электр энергиясының мөлшерін үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаның экологиялық тазалығына оң әсерін тигізеді. Соған қарамастан, оның денсаулыққа теріс әсері туралы пікірлер де бар.

Жарықдиодты жарықтандырудың адамның денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы зерттеулер жүргізетін ғалымдардың пікірінше,аталған технологияның салдарынан туындауы мүмкін үш қауіп бар. Бірақ, бұл тек сапасыз және сертификатталмаған өнімдерге ғана қатысты!


1. ЖЫПЫЛЫҚТАЙТЫН ШАМДАР

Адам ағзасына әсер ететін факторлардың бірі – көзге көрінетін немесе көрінбейтін жыпылықтау. Сапасы төмен жарықдиодты шамдарды пайдалану кезінде пайда болатын бұл фактордың салдарынан көздің ауыруы мен шаршауы, бас айналу, сондай-ақ жүйке жүйесінің бұзылуы туындайды. Әдетте, мұндай жағдайларда шамды жоғары сапалы өнімдермен ауыстыру қажет.


2. ЖАРЫҚ МӨЛШЕРІ

Жарықдиодты шамдар шағын болса да, көзге үлкен жүктеме түсіретін және тез шаршауды тудыратын көп мөлшердегі жарықты бөледі. Бұл жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін диффузиялық жарығы бар жарықтандыру құрылғыларын таңдау керек. Сосын, төмен сапалы өнімдерден аулақ болу ұсынылады.

3. КӨК ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ

Жарықдиодты шамдардың тағы бір салдары – жасқа байланысты макула дегенерациясы деп аталатын көз ауруын тудыратын көк жарық сәулесі. Бұл торлы қабықтың деградациясы кезінде пайда болып, нәтижесінде көру қабілеті толығымен жоғалуы мүмкін. Дегенмен, бұл түстің сәулеленуі табиғи жарық спектріне және жасанды түрде жасалған жарыққа енеді, сонымен қатар адам ағзасының жұмыс істеуі үшін маңызды. Сндықтан, көк жарық мәселесі жарықдиодты жарықтандыру көздерінің өзінде емес, олардың сапасында екенін ескеру керек. Егер олар қажетті техникалық нормаларға сәйкес жасалса, онда толығымен қауіпсіз. Өйткені, барлық Philips шамдары егжей-тегжейлі зерттелген және оларда қолданылатын фосфорлар пайдалану кезінде қауіпсіз болатындай етіп жасалады.


Яғни, арзан және сапасы төмен жарықдиодты шамдар көздің шаршауына және шаршауына әкелуі мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, ақ жарық диодтың көк жарығын фосфордың сары жарығымен араластырудан туындайды. Егер көк түс басым болса, бұл көзге теріс әсерін тигізеді.


Кейде бұқаралық ақпарат құралдарында жарықдиодты технологиялардағы зиянды химиялық заттардың құрамы туралы мәліметтер пайда болады. Бұл шындыққа жанаспайтын қауесеттердің бірі. Сенімді өндіруші шығарған жарықдиодты шамдарда улы қоспалар болмайды және көптеген электр құрылғылары сияқты қайта өңдеуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жарықдиодты шамдарды қолданудан қорқатын адамдар жоғарыда айтылған зиянды әсерлер тек сапасыз шамдарға қатысты екенін білуі керек. Яғни, өз тұтынушыларының қауіпсіздігіне қамқорлық жасайтын компания өндірген жарықдиодты шамдардың зияны жоқ. Сондай-ақ, оларды пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар. Ең маңыздылары – энергия үнемділігі, экологиялық тазалық, жоғары сапа және эстетика.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Компьютер тінтуірі 54 ЖАСҚА ТОЛДЫ: Ең алғашқысы ҚАНДАЙ ЕДІ?


Жылытқыш гаджеттердің ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?