Алматыда құтқарушылар туристі төрт мыңдық биіктіктен түсірді

0
182

Жас туристің орналасқан жерін биллинг арқылы анықтай отырып, құтқарушылар көп ұзамай жігітті тауып, түсуге көмектесті.


Алматыда құтқарушылар туристі төрт мыңдық биіктіктен түсірді

ERNUR.KZ. 16 жасар бозбала Алматы қаласының Медеу ауданындағы тауларға көтеріліп, адасып, қайтар жолды таба алмай қалған, деп жазады baq.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көмек туралы сигнал алған құтқарушылардың іздеу тобы 4000 биіктіктегі Титов шыңына аттанды.

Жас туристің орналасқан жерін биллинг арқылы анықтай отырып, құтқарушылар көп ұзамай жігітті тауып, түсуге көмектесті.

Бала медициналық көмекке мұқтаж болмай, тау етегінде күтіп тұрған анасына аман-есен табысталды.