​Маңғыстауда жеңіл көлік түйеге соғылып, мал иесі жауапқа тартылды

0
237

Сонымен қатар автокөлікке зақым келгені хабарланды.


​Маңғыстауда жеңіл көлік түйеге соғылып, мал иесі жауапқа тартылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ Маңғыстау облысында жеңіл көлік жолға шығып кеткен түйемен соқтығысты. Оқиға 26 қазан күні кешке Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, ауыл тұсында келе жатқан Lada Largus көлігі жолға кенеттен шыққан түйемен қақтығысқан.

Апат салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Автокөлікке зақым келгені хабарланды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Полиция түйе иесін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы — «Ауылшаруашылық жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылды.

Ведомствоның мәліметінше, оған 3 айлық есептік көрсеткіш (11 796 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Полиция тұрғындардан мал иелерінің жануарларды қараусыз жібермеуін, ал жүргізушілерден қараңғы уақытта жолда аса сақ болуын сұрайды.