1 қыркүйекте сабақ болмайды - Білім министрі

0
2 583

Биыл білім күні аптаның демалыс күніне тура келіп тұр.


1 қыркүйекте сабақ болмайды - Білім министрі

ERNUR.KZ. 1 қыркүйек - Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде салтанатты сап түзеу шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткен жылы да сенбіге тура келген болатын. Осы тұста өте көп пікірталас бар. 1 қыркүйекте сабақ болмайды. Тек салтанатты сап түзеу шарасы ғана атқарылады. Бұл мереке, Білім күні. Шығып, салтанатты сап түзеу шарасын өткізгеннен кейін үйге қайтамыз», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.