1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

0
264

Осы бағытты қосқанда, Қазақстаннан аптасына 567 халықаралық рейс ұшатыны белгілі болды.


1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 1 маусымынан бастап «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейс бастайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жаңа бағыт ашылған соң Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске жетеді.

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биыл 1 маусымнан бастап Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейс орындай бастайды. 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағы аптасына екі рет, яғни, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы рейсті қосқанда, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567 рейске жеткен.