1 млн тонна азық-түлік қорын сақтайтын қойма қажет - Серік Жұманғарин

0
544

​​Қазақстандықтарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің толық мүмкіндігі бар, бірақ оны сақтау мәселесі туындап отыр.


1 млн тонна азық-түлік қорын сақтайтын қойма қажет - Серік Жұманғарин

ERNUR.KZ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде қоймаларда 2 млн тонна азық-түлік қорын сақтау мүмкіндігіміз бар. Оның ішінде 1 млн тонна азық-түлік сақталған қоймада климаттық бақылау орнатылған. Бізге тағы 1 млн тонна азық-түлік қорын сақтайтын қойма қажет. Биыл 335 мың тонна өнімге арналған қойма саламыз. Қалған 600 мың тоннадан астам өнім сақтайтын қойма бойынша бағдарлама әзірленіп жатыр. Жалпы, бұл бағытта кешенді жоспар бар. Бізде тұрғындарды азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніспен қамтудың толық мүмкіндігі бар, бірақ оны сақтай алмаймыз», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сауда министрінің айтуынша азық-түлік қорын сақтау, әсіресе сәуір, мамыр айларында маңызға ие.

Сондай-ақ, климаттық бақылау жоқ қоймаларда өнімді сақтаудың қиынға түсетінін айтты.

Еске салсақ, Серік Жұманғарин сәуірдің басында келер жылға азық-түлік резервін сатып алу басталғаны туралы мәлімдеген еді.